Меню KDT

logo7.png?_=1

Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданының білім бөлімінің Антон Семенович Макаренко атындағы орта мектебі КММ
  • kz
  • ru
  • Статьи

    Шу ауданының білім бөлімінің "А.С.Макаренко атындағы орта мектебі" КММ директорының құқықтық тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Р.Исмаилова 5-11 сынып оқушыларына «Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие керек. Тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың қас жауы, ол келешекте оның өміріне қауіп әкеледі» дегенді тілге тиек етіп, оқушыларға жан-жақты құқықтық тәрбие беруді жетілдіріп отыру – ұстаздардың басты парызы екенін айтып, айтылған тәртіп пен заңға бағынуға шақырып , "Орта білім беру ұйымдарында мектепішілік есепке алуды жүргізу жөніндегі әдістемелік ұсынымдарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2023 жылғы 3 наурыздағы № 61 бұйрығының қосымшасымен таныстырды .(2023.28.12. №398 бұйрықпен берілген өзгерістер) Р.Исмаилова МЕА алу және одан шығарудың негіздемелеріне жеке -жеке тоқталып өтті. Атап айтатын болсам,
    1) академиялық үлгермеушілік;
    2) отбасындағы жайсыздықтар;
    3) қадағалаусыздық, панасыздық, қаңғыбастық, қайыршылық;
    4) мектептің Жарғысын және Мектептің ішкі тәртіп ережесін өрескел немесе бірнеше рет бұзу;
    5) сабақтарға дәлелсіз себептермен жүйелі түрде қатыспау;
    6) әкімшілік құқық бұзушылық жасау;
    7) психикалық белсенді, уытты заттарды, есірткі құралдарын, спиртті ішімдіктерді тұтыну, темекі шегу;
    😎 ойынға және интернетке тәуелділік, лудомания;
    9) теріс бейресми балалар-жастар топтары мен бірлестіктеріне, теріс жастар субмәдениеттеріне қатысу;
    10) діни ағымдар мен радикалды көзқарастарды ұстану.
    23. МЕА туралы шешім жауапты адамның өтініші бойынша сынып жетекшісінің, психологиялық қызмет мамандарының оң мінездемесі негізінде, сондай-ақ басқа да объективті себептермен (көшу, оқу орнын ауыстыру) Профилактикалық кеңестің отырысында қабылданад.
    24. МЕА-да тұрған білім алушыны басқа білім беру ұйымына ауыстырған жағдайда жүргізілген профилактикалық жұмыс туралы ақпарат өңірдің білім басқармасы органының әдістемелік қызметі бекіткен алгоритмге сәйкес оқу орны бойынша берілетіні айтып, оқушыларды тәртіп бұзбауға шақырды.
    2025-09-21

    Послание
    Президента

    Рухани жаңғыру

    фотогалерия