Меню KDT

logo7.png?_=1

Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданының білім бөлімінің Антон Семенович Макаренко атындағы орта мектебі КММ
  • kz
  • ru
  • Статьи

    ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ ІС-ШАРАЛАР ЖАЛҒАСУДА!!! Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданының білім бөлімінің А.С.Макаренко атындағы орта мектебінің жылдық жұмыс жоспарына сәйкес , мектеп оқушыларының ұл балалары арасында құқықтық сана мен жауапкершілікті қалыптастыру үшін профилактикалық жұмыс жүргізу өте маңызды екенін ескеріп, Шу АПБ-нің полиция аға лейтенанты Құсайнов Мақсат Мусабековичпен бірлесе мектептің 8-10 сыныбының ұл балаларымен "Құқық бұзушылықтың соңы-жаза" тақырыбында профилактикалық іс-шара ұйымдастырылды. Оқушылар директордың құқықтық тәрбие ісі жөніндегі орынбасары мен алғашқы әскери дайындық технология пәнінің мұғалімінің ілесуімен құқық бұзушылық жасаған адамдардың уақытша ұстау жағдайын, заң бұзушылықтың салдарын өз көздерімен көре алды. Изоляторда отырған күдіктілер оқушыларға құқық бұзушылыққа барған,ішімдік пен зиянды заттардың пайдаланудың соңы өзінің қылмыс жасауға әкелгенін айтып,жаман әрекет жасамауға шақырды. Іс-шараның мақсаты – кәмелетке жасы толмағандардың құқыққа қайшы әрекеттер жасағаны үшін жазаға тартылудың нақты қырларын көрсету және заңды сақтаудың маңыздылығын түсіндіру. Уақытша ұстау изоляторына экскурсия жасау барысында оқушыларға елімізде соңғы уақытта жасөспірімдер арасында келеңсіз жағдайлар көптеп орын алып жатқанын тілге тиек етіп,
    қылмыстық және әкімшілік жауапкершіліктің ерекшеліктері туралы айтып, көп жағдайда жауапкершілік 16 жастан басталатынын түсіндірді. Алайда кәмелетке толмағандар арасында жиі кездесетін және салдары ауыр қылмыстар үшін жауапкершілік 14 жастан бастап белгіленгені ескертілді. Полиция аға лейтенанты Кусайнов Мақсат Мусабекович заңды бұзу қандай құқықтық салдарға әкелуі мүмкін екендігін толық түсіндіруге ерекше назар аударды. Жасөспірімдерге зиянсыз болып көрінетін кейбір әрекеттердің ауыр заңдық салдарға әкелуі мүмкін екені айтылды. Балаларға әр қабылдайтын шешімдерінің олардың болашағына тікелей әсер ететінін түсінуі керектігін айтып өтті. Заңды сақтау – бұл жеке қауіпсіздіктің кепілі ғана емес, сонымен қатар лайықты өмір сүруге мүмкіндік, – деп М.Құсайнов атап өтті .
    Оқушылар экскурсия соңында қандай әсер алғандарымен бөлісті.
    2025-10-08

    Послание
    Президента

    Рухани жаңғыру

    фотогалерия