Меню KDT

logo7.png?_=1

Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданының білім бөлімінің Антон Семенович Макаренко атындағы орта мектебі КММ
  • kz
  • ru
  • Статьи

    Ұлы ақын Абай Құнанбаевтың 180- жылдығына орай ,,Абай ұлы даланың ойшылы,, тақырыбында вертуалды көрме өткізілді.

    2025-09-25
    А С.Макаренко атындағы орта мектебінде Ұлы ақын Абай Құнанбаевтың 180- жылдығына орай ,,Абай ұлы даланың ойшылы,, тақырыбында вертуалды көрме өткізілді.
    Мақсаты:Оқушыларға Абайдың өмір баянымен шығармашылығы н кеңінен таныстыру,оның даналық сөздері арқылы адамгершілікке, білімге, еңбекқорлыққа баулу,ұлттық құндылықтарды дәріптеу .

    https://www.facebook.com/share/v/1DK7EqrbPE/

    “Қарттарым асыл қазына “ тақырыбында құрылған жоспарға сәйкес 8-10сынып оқушыларымен “Мектеп ауласы - біздің ортақ үйіміз” тақырыбында тазалық акциясы жүргізілді.

    2025-09-25
    А.С.Макаренко атындағы орта мектебінің “Қарттарым асыл қазына “ тақырыбында құрылған жоспарға сәйкес 8-10сынып оқушыларымен “Мектеп ауласы - біздің ортақ үйіміз” тақырыбында тазалық акциясы жүргізілді.
    Мақсаты: Оқушыларды қоршаған ортаны қорғауға, табиғатты аялауға тәрбиелеу;
    • Мектеп ауласын көгалдандыру, таза ұстау, эстетикалық көрінісін жақсарту;
    • Оқушылардың еңбекке, ұжымдық жұмысқа деген қызығушылығын арттыру;
    • Жауапкершілік пен ұқыптылыққа дағдыландыру;
    • Салауатты өмір салтын насихаттау және табиғатқа деген сүйіспеншілікті қалыптастыру.

    11 сынып оқушыларына кәсіптік бағдар беру педагогының ұйымдастырумен Мамандық таудау бойынша түсіндірме жұмысы жүргізілді.

    2025-09-25
    Антон Семенович Макаренко атындағы орта мектебінде 11 сынып оқушыларына кәсіптік бағдар беру педагогының ұйымдастырумен
    Мамандық таудау бойынша түсіндірме жұмысы жүргізілді.
    Жұмыс барысында оқушыларға Қазақстан Республикасында орналасқан жоғары оқу орындары,мамандықтардың бейіндері,элементтері мен шифрлары туралы мәлімет берілді.
    Сонымен қатар QR -код арқылы өздерін қызықтырған сұрақтарға,сұранысқа ие мамандықтар,ерекше мамандықтар,ақыл-кеңестер,жалпы мамандықтар түрі мен тізімімен таныса отырып ,көптеген мәліметтер алды.
    Түсіндірме жұмысы барысында Қазақстан Республикасында және шетелдегі жоғары оқу орындары туралы брашуралар таратылып,мағлұматтар берілді.

    10 "А" сынып оқушыларының ұйымдастыруымен "Досбол LIKE" достық қолын ұсын акциясы

    2025-09-24
    А.С.Макаренко атындағы орта мектебінің 10 "А" сынып оқушыларының ұйымдастыруымен "Досбол LIKE" достық қолын ұсын акциясы
    Мақсаты: Оқушылардың достық туралы ұғымын кеңейту және нақтылау. Достарға деген қарым-қатынасты қалыптастыру, достықты қадірлей білу.
    #досболлайкакциясы

    https://www.facebook.com/share/v/1BQkZE5SfY/

    ,,Үзіліс уақытында кітап оқимыз "атты іс шара ұйымдастырылды.Іс шара барысында үзіліс кезінде оқушылар түрлі қызықты кітаптарды таңдап оқыды.

    2025-09-24
    А.С.Макаренко атындағы орта мектеп кітапханасында оқушылардың бос уақытын тиімді өткізу, кітап оқуға қызығушылығын арттыру мақсатында ,,Үзіліс уақытында кітап оқимыз "атты іс шара ұйымдастырылды.Іс шара барысында үзіліс кезінде оқушылар түрлі қызықты кітаптарды таңдап оқыды. Соның ішінде Б.Соқпақбаевтың ,,,Балалық шаққа саяхат" тақырыбында кітап оқыды. ІС шараның басты мақсаты балаларды кітаппен жақын дос болуға баулу,оқу мәдениетін қалыптастыру,үзіліс уақытын тиімді пайдалану.
    #Шубілімбөлімі


    https://www.facebook.com/share/v/1EMtxh9FJ1/

    "МЕНІҢ СЫНЫБЫМ-БУЛЛИНГКЕ ҚАРСЫ"

    2025-09-22
    "МЕНІҢ СЫНЫБЫМ-БУЛЛИНГКЕ ҚАРСЫ"
    🔰Шу ауданының білім бөліміне қарасты А.С.Макаренко орта мектебінде "Адал азамат" біртұтас тәрбие бағдарламасын іске асыру аясында
    Балалардың физикалық және психологиялық қауіпсіздік мәселелеріне саналы түрде көзқарас қалыптастыруына назар аударту. Балалардың денсаулығын сақтауға және нығайтуға, сондай-ақ оларға достыққа, өзара түсіністік пен көмек көрсетуге ынталандыру мақсатында
    Білім алушылар арасында "Менің сыныбым-буллингке қарсы" атты челленджі ұйымдастырылды.
    #ДОСБОЛLIKE


    https://www.facebook.com/asmakarenkoatyndagyortamektebi/videos/2933033010237922/

    “Дебат” үйірмесіне қатысушылары 9”А” сынып оқушылары Жолдыбай Е., Сармурзаев А., Еркебай Н. “Әділетті, таза және қауіпсіз Қазақстан” аудандық пікірсайыс турниріне қатысып 3 орынға ие болды.

    2025-09-19
    А.С.Макаренко атындағы орта мектебінің “Дебат” үйірмесіне қатысушылары 9”А” сынып оқушылары Жолдыбай Е., Сармурзаев А., Еркебай Н. “Әділетті, таза және қауіпсіз Қазақстан” аудандық пікірсайыс турниріне қатысып 3 орынға ие болды. Үйірме жетекшісі Сутенова Ү.
    Мақсаты:
    Оқушылардың шешендік өнерін, сыни тұрғыдан ойлау қабілетін дамыту, өз ойын еркін әрі дәлелді жеткізе білуге үйрету, жастарды әділетті, таза және қауіпсіз Қазақстанды құруға атсалысатын белсенді азамат болуға тәрбиелеу.





    «Өнегелі 15 минут» қоңырауында шахмат,асық және тоғызқұмалақ ойындары ұйымдастырылды.

    2025-09-19
    А.С.Макаренко атындағы орта мектебінде оқушылардың бос уақытын тиімді пайдалану, ой-өрісін дамыту, зияткерлік қабілеттерін жетілдіру мақсатында «Өнегелі 15 минут» қоңырауында шахмат,асық және тоғызқұмалақ ойындары ұйымдастырылды.
    Бұл іс-шара барысында оқушылар ұлттық және зияткерлік ойындарға белсене қатысып, өзара бәсекеге түсіп, ойлау қабілеттерін, есте сақтау дағдыларын шыңдады. Сонымен қатар, оқушылар арасында достық қарым-қатынас орнап, бос уақытты тиімді өткізу мәдениеті қалыптасты.

    “Қыз Жібек” қыздар клубының жылдық жұмыс жоспарына сәйкес , 7-11 сынып қыздарымен мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Омарова А. репродуктивті денсаулық бойынша жиналыс өткізді.

    2025-09-19
    А.С.Макаренко атындағы орта мектебінің “Қыз Жібек” қыздар клубының жылдық жұмыс жоспарына сәйкес , 7-11 сынып қыздарымен мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Омарова А. репродуктивті денсаулық бойынша жиналыс өткізді.
    Мақсаты:
    Қыз балаларға ерте жүктіліктің салдары туралы түсінік беру, салауатты өмір салтын насихаттау, өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеу, жеке бас қауіпсіздігін сақтау дағдыларын қалыптастыру, дұрыс шешім қабылдау қабілеттерін дамыту арқылы ерте жүктіліктің алдын алу.
    Мектеп медбикесі Арипова Г. Қыздар гигиенасы бойынша да түсіндірме жұмысын жүргізді. Мектеп психологы Ж.Ченсызбаева қыздар арасында өзімізді жақынырақ тану, бір-бірімізді қолдау, ішкі күшімізді сезіну үшін қыздармен пікір алмасты.

    «МЕКТЕП ПЕН ОТБАСЫ: АДАЛ ӘРІ ЖАУАПТЫ АЗАМАТТЫ ТӘРБИЕЛЕУДЕГІ ӨЗАРА ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ»тақырыбындағы МЕКТЕП АТА-АНАЛАР КОМИТЕТІНІҢ кезектен тыс І-ші отырысы өтті.

    2025-09-19
    А.С.Макаренко атындағы орта мектебінде «МЕКТЕП ПЕН ОТБАСЫ: АДАЛ ӘРІ ЖАУАПТЫ АЗАМАТТЫ ТӘРБИЕЛЕУДЕГІ ӨЗАРА ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ»тақырыбындағы
    МЕКТЕП АТА-АНАЛАР КОМИТЕТІНІҢ кезектен тыс І-ші отырысы өтті.
    Күн тәртібі:
    1. Мектеп пен ата-аналар комитетінің ынтымақтастығын арттырудың жолдары туралы.
    2. Мектеп ата-аналар комитетінің қызметін үйлестірудің ерекшеліктері туралы.
    3. «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасын бірлесіп іске асыратын жағымды орта қалыптастыру;
    4.Мектеп ата-аналар комитетінің төрағасы мен алқасын сайлау туралы.
    5.Оқушылардың бір мезгіл тегін және жеңілдетілген ыстық тамақты ұйымдастыру туралы әлеуметтік педагог Н.Жадрасинова айтып өтті.
    Ең алдымен мектеп директоры А.Тунгатаров күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша сөз алып, ата-аналардың пікірімен алмасты.
    Күн тәртібіндегі «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасын бірлесіп іске асыратын жағымды орта қалыптастыру бойынша мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.Омарова сөз алды. Құрметті ата-аналар комитеті!
    Бүгін сіздерге таныстырылатын "Адал азамат" Біртұтас тәрбие бағдарламасы – баланы адал, әділ, отансүйгіш әрі жауапты тұлға етіп тәрбиелеуге бағытталған республикалық бағдарлама.
    Бағдарламаның мақсаты:
    – Оқушылардың бойына адамгершілік құндылықтарды дарыту;
    – Жауапкершілік, тәртіп, еңбекқорлық, патриотизмге тәрбиелеу;
    – Мектеп, отбасы және қоғам арасындағы тәрбиелік серіктестікті күшейту.
    Бағдарламаның негізгі бағыттары:
    1. Адалдық пен әділдікке тәрбиелеу
    2. Еңбекке баулу
    3. Отбасылық құндылықтарды насихаттау
    4. Қоғамға пайдалы іс-әрекеттерге баулу
    5. Өзін-өзі дамыту мен жауапкершілікке үйрету
    Ата-ананың рөлі:
    – Баланың тәртібі мен тәрбиесіне белсенді араласу
    – Мектеппен тығыз байланыста болу
    – Үйде бағдарлама құндылықтарын жалғастыру
    Бұл бағдарлама – Сіз бен біз болып, болашақтың адал азаматын тәрбиелеудің ортақ жолы.
    Үшінші мәселе бойынша мектеп психологы И.Мамедгасанова ата-аналарға түсіндірме жұмыстарын жүргізіп өтті. Күн тәртібіндегі төртінші мәселе ата-аналар комитетінің құрамын сайлау бойынша мектебіміздің ата-аналар комитетінің төрағасы Т.Абдуллаев сөз алып, ата-аналар комитетінің құрамын сайлады. Ата-аналар комитетінің жаңа құрамын барлық ата-аналар қолдап, өзара шешімге келді.

    “Кітапханаға саяхат” тақырыбында 1 сынып оқушыларын кітапханамен таныстырды.

    2025-09-18
    А.С.Макаренко атындағы орта мектебінің кітапханашысы Б.Исаева “Кітапханаға саяхат” тақырыбында 1 сынып оқушыларын кітапханамен таныстырды.
    Мақсаты: Балалардың кітапқа деген қызығушылықтарын арттыру, кітапты күтіп ұстауға баулу. Оқуға деген сүйіспеншілік ті қалыптастыру, Кітапханаға жиі келуге үйрету.
    А.С.Макаренко атындағы орта мектебінде 1- сынып оқушылары сынып жетекшісі мен бірге Кітапханаға саяхат жасады. Олар Кітапхананы көріп,кітаптармен танысты.
    #кітапоқу


    https://www.facebook.com/share/v/17FM8LwpC6/

    «Еңбегі адал жас өрен» жобасы аясында мектеп жанындағы бау-бақшада өскен көкөністерді жинау және тазалау жұмысары ұйымдастырылды.

    2025-09-18
    А.С.Макаренко атындағы орта мектебінің біртұтас тәрбие жоспарына сәйкес
    «Еңбегі адал жас өрен» жобасы аясында мектеп жанындағы бау-бақшада өскен көкөністерді жинау және тазалау жұмысары ұйымдастырылды.
    Оқушылар көкөністерді жинап, бау-бақша аумағын ретке келтіру ісіне белсене қатысып, адал еңбек пен ұқыптылықтың маңызын ұғынды.
    Бұл іс-шара олардың еңбекке деген сүйіспеншілігін арттырып, табиғатты аялауға, жауапкершілікке тәрбиелей түсті.

    «Облыстық психологиялық қолдау орталығы» облыстағы жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың, аутодеструктивті мінез-құлықтың алдын алу мақсатында оқушылар мен олардың ата-аналарына арналған жаднама парағы

    2025-09-17
    А.С.Макаренко атындағы орта мектебі Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының «Облыстық
    психологиялық қолдау орталығы» облыстағы жасөспірімдер арасында құқық
    бұзушылықтың, аутодеструктивті мінез-құлықтың алдын алу мақсатында
    оқушылар мен олардың ата-аналарына арналған жаднама парағы

    “Қазіргі балалар мен ата-аналар” тақырыбында жалпы ата -аналар жиналысы өткізілді.

    2025-09-15
    15 қыркүйек 2025 жылы А.С.Макаренко атындағы орта мектебінде “Қазіргі балалар мен ата-аналар” тақырыбында жалпы ата -аналар жиналысы өткізілді. Жиналыстың күн тәртібімен мектеп директоры А.Тунгатаров таныстырды.
    Күн тәртібіндегі мәселелер:
    1."Мектепке жол" республикалық акциясы аясында қолдау көрсету және әлеуметтік көмектер мен ыстық тамақтың ұйымдастырылуы туралы ақпарат.
    2.Балалар қауіпсіздігі және зорлық- зомбылықтың алдын алу вебинары.
    3. Білім алушылардың мектеп формасын сақтау мәдениеті және сыртқы келбетке қойылатын талаптар.
    4.2025-2026 оқу жылындағы тәрбие бағыты "Адал азамат"Біртұтас тәрбие бағдарламасымен таныстыру
    5.Оқушылардың "Мектепішілік есепке алу туралы ережемен таныстыру"
    Жиналыс сағат 16:00-де басталды. Жиналысқа Шу қаласының әкімдігінің орынбасары Төлендиев Болатжан Бақытұлы, Шу қалалық ардагерлер төрағасы Бейсембаев Мэлс Нысанбайұлы, Шу қалалық емханасы профилактикалық бөлім меңгерушісі Оспанова Есен Алмешовна, Шу АПБ-нің полиция аға лейтенанты Қусайнов Мақсат Мусабекович шақырылды. Жиналысқа 60 ата-ана қатысты. Шақырылған қонақтар әр меселе бойынша сөз алып отырды. Мектеп диреторының құқықтық тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Р.Исмаилова мектеп ішілік есептке алу ережесімен таныстырып, балалардың тәрбиесі туралы сөз алды. Жиналыс соңында ата-аналар өз ойларымен бөлісіп, отырыс шешіміне барлығы бірауыздан келісті.





    “Отбасы – бақыт мекені” атты Республикалық апталық аясында, сыныптарда тәрбие сағаттары өткізілді.

    2025-09-15
    А.С. Макаренко атындағы орта мектебінде 2025 жылдың қыркүйек айында “Отбасы – бақыт мекені” атты Республикалық апталық аясында, сыныптарда тәрбие сағаттары өткізілді.
    Іс-шараның негізгі мақсаты – оқушылардың отбасылық құндылықтарға деген құрметін арттыру, ата-ана мен бала арасындағы сыйластықты дәріптеу, мейірімділік пен жауапкершілік сезімін қалыптастыру болды.
    Тәрбие сағаттары барысында оқушыларға отбасының қоғамдағы рөлі мен маңызы түсіндіріліп, “Менің бақытты отбасым”, “Отбасы – тәрбие негізі”, “Сыйластық пен мейірімділік – отбасының тірегі” тақырыптарында ой бөлісу, пікірталас, көріністер көрсету ұйымдастырылды. Сонымен қатар, оқушылардың отбасына деген сүйіспеншілігін арттыру мақсатында бейнероликтер көрсетіліп, өлеңдер оқылды.
    Іс-шара оқушылардың ой-өрісін кеңейтіп, отбасылық құндылықтарға деген көзқарасын нығайтып, ұжымдық бірлікті арттыруға ықпал етті.
     


    «Менің берік отбасым» тақырыбында 1-сынып ата-аналарымен мектеп психологы Ж.Ченсызбаева психологиялық кеңес өткізді.

    2025-09-12
    А.С. Макаренко атындағы орта мектебінде «Менің берік отбасым» тақырыбында 1-сынып ата-аналарымен мектеп психологы Ж.Ченсызбаева психологиялық кеңес өткізді.
    Кеңестің негізгі мақсаты – ата-аналарға отбасындағы береке-бірліктің бала тәрбиесіндегі маңызын түсіндіру, отбасы мүшелері арасындағы өзара түсіністік пен сыйластықты нығайту, ата-аналардың педагогикалық және психологиялық мәдениетін арттыру болды.
    Шара барысында психолог ата-аналарға жағдаяттық тапсырмалар мен сұрақ-жауап әдістері арқылы тиімді қарым-қатынас орнатудың жолдарын көрсетті. Сонымен қатар, ата-аналар өз ойларымен бөлісіп, отбасылық құндылықтарды сақтау мен нығайтуға қатысты пікір алмасты. Мектеп психологы ата-аналардың WhatsApp желілеріне психологиялық кеңес жадынамаларын таратты.

    «Менің бақытты отбасым» тақырыбында сурет байқауын технология пән мұғалімі А.Баялбекова өткізді.

    2025-09-12
    А.С. Макаренко атындағы орта мектебінде «Менің бақытты отбасым» тақырыбында сурет байқауын технология пән мұғалімі А.Баялбекова өткізді. Байқаудың негізгі мақсаты – оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, отбасы құндылықтарын дәріптеу, әр баланың өз отбасына деген сүйіспеншілігін сурет арқылы жеткізе білуге баулу болды.
    Шараға 5-6-7 сынып оқушылары белсене қатысып, өз отбасын қуаныш пен шаттықтың, мейірім мен бірліктің ордасы ретінде бейнеледі. Әрбір жұмыс оқушылардың қиялы мен өнерге қызығушылығын, сондай-ақ отбасына деген мақтаныш сезімін айқын көрсетті.

    “Отбасы құндылықтары” тақырыбында интернат меңгерушісі Г.Адамжанова, интернат тәрбиешісі Ү.Байғараева ата-аналармен кездесу ұйымдастырды.

    2025-09-12
    А.С.Макаренко атындағы орта мектебінің “Отбасы -бақыт мекені” атты Республикалық апталықтық жоспарына сәйкес “Отбасы құндылықтары” тақырыбында интернат меңгерушісі Г.Адамжанова, интернат тәрбиешісі Ү.Байғараева ата-аналармен кездесу ұйымдастырды. Кездесу барысында ата-аналар мектебімізге экскурсия жүргізіліп, интернаттың ішкі тәртібімен таныстырды. Мектеп медбикесі асханада интернат тәрбиеленушілердің ас мәзірімен таныстырып өтті.
    «Отбасы құндылықтары» тақырыбында ата-аналармен кездесу мақсаты:
    • Ата-аналарға отбасының қоғамдағы маңызы мен орны туралы түсінік беру;
    • Отбасындағы ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтарды дәріптеу;
    • Ата-ана мен бала арасындағы сыйластықты, өзара түсіністік пен жауапкершілікті нығайту;
    • Бала тәрбиесінде отбасының шешуші рөлін айқындау;
    • Қатысушыларды отбасылық бірлік пен татулықты сақтауға, өнегелі тәрбие беруге баулу.

    https://www.facebook.com/share/v/1AxdLe1Y43/



    Мектебімізде “Отбасы- бақыт мекені” Республикалық апталықтың жоспарына сәйкес, мектеп кітапханашысы Б.Исатаева “Бақытты отбасы-зорлық зомбылықсыз әлем” тақырыбында кітап көрмесін өткізді.

    2025-09-12
    Мектебімізде “Отбасы- бақыт мекені” Республикалық апталықтың жоспарына сәйкес, мектеп кітапханашысы Б.Исатаева “Бақытты отбасы-зорлық зомбылықсыз әлем” тақырыбында кітап көрмесін өткізді. Көрмеге 8 сынып оқушылары қатысты. Оқушылар өздерінің отбасында қандай тәрбие алатындары туралы өз ойларымен бөлісті.
    «Зорлық-зомбылықсыз отбасы» тақырыбындағы кітап көрмесінің мақсаты:
    • Отбасы құндылықтарын насихаттау, зорлық-зомбылыққа қарсы көзқарас қалыптастыру;
    • Оқырмандарды мейірімділікке, сыйластыққа, түсіністікке баулу;
    • Зорлық-зомбылықтың қоғамға, әсіресе отбасы мүшелеріне тигізетін кері әсерін түсіндіру;
    • Отбасындағы өзара құрмет пен сүйіспеншілікті дәріптейтін көркем және ғылыми әдебиеттерді таныстыру;
    • Қоғамда бейбіт, татулығы жарасқан, зорлық-зомбылықсыз отбасылардың қалыптасуына үлес қосу.

    “Отбасы -бақыт мекені” атты Республикалық апталықтың жоспарына сәйкес, А.С.Макаренко атындағы орта мектебінің интернат тәрбиешісі Ү.Байғараева дөңгелек үстел ұйымдастырды.

    2025-09-12
    “Отбасы -бақыт мекені” атты Республикалық апталықтың жоспарына сәйкес, А.С.Макаренко атындағы орта мектебінің интернат тәрбиешісі Ү.Байғараева дөңгелек үстел ұйымдастырды.
    «Отбасы – бақыт мекені» тақырыбындағы дөңгелек үстелдің мақсаты:
    • Отбасының қоғамдағы орны мен маңызын түсіндіру;
    • Отбасы құндылықтарын дәріптеу, ата-ана мен бала арасындағы сыйластықты нығайту;
    • Жас ұрпаққа отбасы – сүйіспеншілік пен мейірім, бірлік пен татулық ордасы екенін ұғындыру;
    • Қатысушыларды өз отбасына құрметпен қарауға, жауапкершілік пен сүйіспеншілікке тәрбиелеу;
    • «Бақыттың кілті – отбасы» екенін дәлелдеп, ой-пікір алмасу алаңын құру.

    Қазақстан халқы тілдер күніне орай "Тілі бірдің -тілегі бір" тақырыбында өзге ұлт өкілдері арасында мәнерлеп оқу байқауы ұйымдастырылды.

    2025-09-09
    Шу ауданы білім бөлімі оқушылар арасында Қазақстан халқы тілдер күніне орай "Тілі бірдің -тілегі бір" тақырыбында өзге ұлт өкілдері арасында мәнерлеп оқу байқауы ұйымдастырылды. Мәнерлеп оқу байқауы “ Балалар және жасөспірімдер орталығының” базасында өткізілді.
    Байқаудың мақсаты – мемлекеттік тілді дәріптеу, өзге ұлт оқушыларының қазақ тіліне деген қызығушылығын арттыру, мәнерлеп оқу дағдыларын дамыту, ұлттық рухани құндылықтарға құрметпен қарауға тәрбиелеу.
    Біздің, яғни А.С.Макаренко атындағы орта мектебінен 10”Б” сынып оқушысы Александрова Ангелина қатысып БАС ЖҮЛДЕні иеленді. Жетекшісі қазақ тілі мен әдебиет пән мұғалімі Жиреншиева А.

    Қазақстан халқының тілдер күніне орай бекітілген жоспарына сәйкес, 2025 жылдың 4-14 қыркүйек аралығында 1-11 сынып жетекшілері, сынып сағаттарын өткізді.

    2025-09-09
    А.С.Макаренко атындағы орта мектебінде Қазақстан халқының тілдер күніне орай бекітілген жоспарына сәйкес, 2025 жылдың 4-14 қыркүйек аралығында 1-11 сынып жетекшілері, сынып сағаттарын өткізді. Сынып сағат "А.Байтұрсынұлы қазақ тіл білімінің атасы", "Латын әліпбиінің негізін қалаушы", "Тілге құрмет-елге құрмет", "Тілім менің тірегім" тақырыптарында өткізілді.
    Сынып сағатының мақсаты: оқушыларға мемлекеттік тілдің қоғамдағы рөлі мен маңызын түсіндіру, ана тіліне деген сүйіспеншілік пен құрмет сезімін қалыптастыру, ұлттық құндылықтарды дәріптеу.

    9 қыркүйек күні қазақ тілі мен әдебиеті пән мұғалімдері, 5-8 сынып арасында, “ Тіл мәртебесі-ел мерейі” тақырыбында эссе жазу байқауын ұйымдастырды.

    2025-09-09
    А.С. Макаренко атындағы орта мектебінде 2025 жылдың 9 қыркүйек күні қазақ тілі мен әдебиеті пән мұғалімдері, 5-8 сынып арасында, “ Тіл мәртебесі-ел мерейі” тақырыбында эссе жазу байқауын ұйымдастырды.
    Байқаудың мақсаты – оқушылардың мемлекеттік тілге деген құрметін арттыру, ана тіліміздің қадір-қасиетін ұғындыру, шығармашылық қабілеттерін дамыту және ой еркіндігін шыңдау.
    Қатысушылар өз ой-пікірлерін жүйелі жеткізіп, тіл мәртебесін көтеруге бағытталған шығармашылық жұмыстарын ұсынды.

    4–14 қыркүйек аралығында Қазақстан халқы тілдері күніне арналған іс-шаралар жоспары аясында "Тіл мәртебесі – ел мерейі" тақырыбында тәрбиелік іс-шара ұйымдастырылды.

    2025-09-09
    А.С. Макаренко атындағы орта мектеп жанындағы интернатта *4–14 қыркүйек аралығында Қазақстан халқы тілдері күніне арналған іс-шаралар жоспары аясында "Тіл мәртебесі – ел мерейі" тақырыбында тәрбиелік іс-шара ұйымдастырылды.
    Шара интернат тәрбиешілерінің жетекшілігімен өтті. Іс-шара барысында оқушылар *мемлекеттік тілдің маңызын*, тілге деген құрметті арттыратын өлең, көрініс, ән-жыр арқылы өз белсенділіктерін көрсетті. Тәрбиелік мәні жоғары іс-шара оқушылардың рухани дамуына оң әсерін тигізді.

    Тілдер мерекесіне орай «Тіл сарқылмас құндылық» тақырыпқа сай көрме ұйымдастырылды.

    2025-09-05
    А.С. Макаренко атындағы орта мектебінде Тілдер мерекесіне орай «Тіл сарқылмас құндылық» тақырыпқа сай көрме ұйымдастырылды.
    Көрмеге дәйек сөздер мен кітаптар қойылды. Мектеп оқушылары қатысып, тіл туралы тақпақтарымен бөлісті. Әр жыл сайын 5 қыркүйек елімізде Қазақстан халқының тілдер күні ретінде аталып өтеді. Бұл мереке мемлекеттік тіліміз қазақ тілінің мәртебесін арттыруға, сондай-ақ елімізде тұратын түрлі ұлт өкілдерінің ана тілін сақтауына, дамуына зор үлес қосады.

     

    А.С.Макаренко атындағы орта мектебінде спорттық жарыс!

    2025-09-05
    🟢 А.С.Макаренко атындағы орта мектебінде спорттық жарыс! 🟢
    Бүгін мектебімізде 6,7,8 сынып оқушылары арасында спорттық эстафета ұйымдастырылды.
    Жарыс барысында балалар шапшаңдықтарын, ептіліктерін көрсетіп, арқан тартысып, белсенділік танытты.
    Бұл шара оқушыларды салауатты өмір салтына баулып, достық қарым-қатынасты нығайтуға бағытталды.
    Жеңімпаздар марапатталып, барлық қатысушылар көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. 🎉💪

    Тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.Т.Омарованың ұйымдастыруымен #37 Балалар жасөспірімдер спорт мектебінің жаттықтырушылары мен әдіскері 5, 7, 8, 9-сынып оқушыларымен кездесу өткізді.

    2025-09-05
    “Антон Семенович Макаренко атындағы орта мектебінде”мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.Т.Омарованың ұйымдастыруымен #37 Балалар жасөспірімдер спорт мектебінің жаттықтырушылары мен әдіскері 5, 7, 8, 9-сынып оқушыларымен кездесу өткізді. Оқушыларға түсіндірме жұмыстарын
    ⚡️ Арыстанұлы Оразалы – бокстан жаттықтырушы
    ⚡️ Тлеуқұлов Ермахан – таэквандодан жаттықтырушы
    ⚡️ Әбіш Жанерке – әдіскер жүргізді.
    Кездесу барысында оқушыларға салауатты өмір салтының маңызы, спорттың денсаулыққа пайдасы түсіндіріліп, бокстың және таеквандоның ерекшеліктері жайлы мол мағлұмат берілді.
    💉 Сонымен қатар мектеп медбикесі Г.Арипова сөз алып, оқушыларға тазалық пен денсаулықтың өзара байланысы туралы пайдалы кеңестер берді.
    💪 Іс-шара жасөспірімдердің спортқа деген қызығушылығын арттырып, жігерін шыңдай түсті.
    #СалауаттыӨмірСалты #Спорт .С.МакаренкоМектебі

    7 қыркүйек – Денсаулық күні

    2025-09-05
    ✨ “7 қыркүйек – Денсаулық күні “✨
    А.С. Макаренко атындағы орта мектебінде бүгін ерекше мерекелік көңіл-күйде “Денсаулық күні” аталып өтті! 🏃‍♂️⚽️🏸
    📌 Күн таңғы сергіткіш жаттығумен басталып, оқушылар белсенділік танытты.
    Оқушылар салауатты өмір салтын ұстанудың маңыздылығын дәріптеп, спорттық ойындарға қатысып, көңілді уақыт өткізді. 💪🌿
    🤝 Эстафетаны жалғастыра отырып, келесі челленджді Ы. Алтынсарин атындағы орта мектебіне жолдаймыз!

    1 қыркүйек – Білім күніне орай өтетін «Алғашқы қоңырау» салтанаты 1 қыркүйек күні өтетінін хабарлайды.

    2025-08-28
    📚 Антон Семенович Макаренко атындағы орта мектебі 1 қыркүйек – Білім күніне орай өтетін «Алғашқы қоңырау» салтанаты 1 қыркүйек күні өтетінін хабарлайды.
    Салтанатты шараға 1, 9 және 11-сынып оқушылары қатысады.
    Ал, қалған сынып оқушылары үшін жаңа оқу жылы 2 қыркүйектен басталады.
    ✨ Салтанатты жиынға мектеп білім алушыларының ата-аналары мен заңды өкілдері, ата-аналар комитетінің мүшелері, оның ішінде бірінші сыныпқа қабылданған бүлдіршіндердің ата-аналарының алғашқы іс-шараларға қатысуы ерекше маңызды екенін атап өтеміз.
    📖 Биылғы Білім күніне арналған сынып сағатының тақырыбы:
    «Мектебім – мейірім мекені»
    Сонымен қатар, 1 қыркүйек күні білім алушылар, ата-аналар және педагогтер арасында «Мектебім – мейірім мекені» республикалық интернет-челленджі ұйымдастырылады.
    🔹 Челлендж шарттары:
    • 1-сынып оқушылары (немесе ата-ана, сынып жетекшісі): 1–2 минуттық қысқа интервью бейнеролик;
    • 2–4 сынып оқушылары: «Жазғы демалыстың жарқын естеліктері» тақырыбында бейнеролик;
    • 5–8 сынып оқушылары: «Жаз – жаңа тәжірибе уақыты» бейнеролик;
    • 9–11 сынып оқушылары: «Арманым мен мақсатым» тақырыбында бейнеролик.
    #Bilim_quni #Mektebim_meirim_mekeni хэштегтерімен жариялау ұсынылады.

    2025–2026 оқу жылы -Жаңғыру мен Жауапкершілік жылы! “Адал азамат” біртұтас тәрбие бағдарламасы

    2025-08-27
    📢 2025–2026 оқу жылы -Жаңғыру мен Жауапкершілік жылы!
    “Адал азамат” біртұтас тәрбие бағдарламасы
    Антон Семенович Макаренко атындағы орта мектепте жаңа оқу жылынан бастап "Адал азамат"біртұтас тәрбие бағдарламасы жүзеге асырылады.
    🔹 Әдістемелік-нұсқау хат – оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудың басты бағдары;
    🔹 «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы – жас ұрпақты әділдікке, адалдыққа, еңбексүйгіштікке тәрбиелеудің жүйелі құралы;
    🔹 Бірыңғай педагогикалық кеңес – ортақ ой мен шешім алаңы;
    🔹 Жасанды интеллектіні этикалық қолдану нұсқаулығы – болашаққа жауапты қадам;
    🔹 Этикалық стандарттар – әділеттілік пен ашықтық кепілі;
    🔹 2025–2029 жж. ЖИ енгізудің концептуалдық тәсілдері – білім беру жүйесін жаңа деңгейге көтерудің жолы;
    🔹 Академиялық адалдық ережелері – сапалы білімнің негізі.
    ✨ Жаңа оқу жылында әр қадамымыз ел болашағына салынған іргетас болсын!
    💡 Құрметті ата-аналар мен ұстаздар! Жаңа оқу жылында ортақ мақсатқа бірге қадам басайық!



    Послание
    Президента

    Рухани жаңғыру

    фотогалерия