Шомылу маусымындағы қауіпсіздік – басты назарда!!!Шу ауданының білім бөлімінің Антон Семенович Макаренко атындағы орта мектебі директорының құқықтық тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Р.Исмаилованың ұйымдастыруымен 23 мамыр күні Шу ауданының ТЖБ-нің құтқарушы мамандары мектеп оқушыларымен
шомылу маусымында оқушылардың судағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында теориялық сабақты практикалық сабақпен ұштастыра отырып жүргізді. Іс-шара барысында құтқарушы мамандар төтенше жағдай кезінде әрекет ету шараларын үйретіп, құтқару құралдарды қалай пайдалану керектігін көрсетіп, құтқару құралдардың түрлерімен таныстырып,рұқсат етілмеген жерде шомылмау керектігін айтып, төтенше жағдай туындаса – 101 немесе 112 нөміріне хабарласу керектігін айтты. Ал мектептің медбикесі Г.Арипова судан құтқарылған балаға алғашқы медициналық көмек көрсету жолдарын, жасанды тыныс алдыру әдістерін түсіндіріп, практикалық түрінде суға тұншыққан баланың ауыз-қуыстарын тазалап, қан қысымын өлшеп, баланың денсаулық жағдайын анықтау әрекеттерін көрсетті. Шу ауданының ТЖБ-нің құтқарушы мамандарына мектеп әкімшілігі атынан алғыс білдіреміз!!!
ТЖБ қызметкерлері ескертеді:
Рұқсат етілмеген жерде шомылмаңыз!
Балаларды су маңында қараусыз қалдырмаңыз
Қауіпсіздік ережелерін сақтайық – өмірімізді қорғайық!