22 мамыр күні А.С.Макаренко атындағы орта мектебінде оқу жылының қорытынды кезеңіне арналған №5 педагогикалық кеңес өтті. Күн тәртібінде маңызды мәселелер қаралды: IV тоқсан қорытындылары, оқушыларының білім сапасының мониторингі;
2024-2025 оқу жылында бастауыш сынып оқушыларын келесі сыныпқа көшіру;
5, 8, 10 сынып оқушыларын аралық емтиханға, 9 және 11 сынып оқушыларын мемлекеттік қорытынды аттестаттауға жіберу;
LS үдерісі аясындағы «Үздік зерттеуші топ» жобасының нәтижелері
«Біртұтас тәрбие» бағдарламасының жүзеге асырылуы
Оқушылардың жазғы демалысын ұйымдастыру: мектеп жанындағы және қаладан тыс лагерьлерге жолдама беру жұмыстары Бірінші мәселе бойынша Оқу жылының соңғы тоқсанындағы оқу үдерісі сараланып, негізгі жетістіктер мен олқылықтар талқыланды. Әр сынып бойынша білім сапасы мен үлгерім көрсеткіштері тыңдалды. Жекелеген пәндер мен сыныптарда білім сапасын арттыру бойынша ұсыныстар енгізілді. Екінші мәселеде бастауыш сыныптар бойынша оқу үлгерімі мен психологиялық дайындық деңгейі сараланып, барлық оқушылардың келесі сыныпқа көшуі мақұлданды. Аралық бақылау нәтижелері мен дайындық деңгейіне сүйене отырып, емтиханға жіберу туралы шешім қабылданды. Жылдық қорытынды бағалар мен дайындық деңгейі негізінде оқушылардың қорытынды аттестаттауға қатысуына рұқсат берілді. Үшінші мәселе бойынша Lesson Study үдерісі бойынша өткізілген «Үздік зерттеуші топ» жобасының қорытындылары тыңдалды. Жоба барысында қолданылған тиімді әдістер мен алынған нәтижелер атап өтілді. Төртінші мәселеде 2024-2025 оқу жылындағы «Біртұтас тәрбие» бағдарламасының орындалу барысы бойынша есеп тыңдалды.Бесінші мәселеде жазғы демалыс кезеңінде оқушылардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету шаралары қаралды. Аз қамтылған және көпбалалы отбасылардағы балалардың қаласындағы және мектеп жанындағы лагерьлерге баруын ұйымдастыру мәселелері талқыланды. Алтыншы мәселеде құқық бұзушылықтар тіркелген немесе тіркелмеген жағдайлар жөнінде мәліметтер берілді. Оқушылардың жүріс-тұрысын бақылау, мектеп аумағындағы қауіпсіздік талаптарының сақталуы, кезекшілік кестесінің орындалуы, бейнебақылау жүйесінің тиімділігі сарапталды. Ішкі істер органдарымен, ата-аналармен және қамқоршылық кеңесімен бірлескен іс-шаралар нәтижесі талданды. Қауіптің алдын алу бағытында профилактикалық әңгімелер, кездесулер, тренингтер мен сынып сағаттарының өткізілуі бағаланды. Жиын барысында әрбір бағыт бойынша нақты шешімдер қабылданып, алдағы уақытқа арналған міндеттер айқындалды.