2025 жылғы 22 мамыр күні Макаренко атындағы орта мектебінде 2024–2025 оқу жылының қорытындысына арналған салтанатты марапаттау рәсімі өтті. Іс-шараның мақсаты – жыл бойы білім, өнер, спорт және қоғамдық өмірде ерекше белсенділік танытқан оқушыларды марапаттау, олардың жетістігін кеңінен насихаттау болды.
Марапаттау кешінде пәндік олимпиадалардың жеңімпаздары, шығармашылық байқаулар мен спорттық жарыстарда үздік нәтиже көрсеткен оқушылар дипломдармен, мақтау қағаздарымен және алғыс хаттармен марапатталды. Оқушылардың табысты жетістіктері олардың тынымсыз еңбегі мен ұстаздарының кәсіби шеберлігінің айғағы екені атап өтілді.Сонымен қатар, мектеп өміріне белсене араласып, тәрбие мен білім беруде ерекше үлес қосқан сынып жетекшілер мен пән мұғалімдері де назардан тыс қалмады. Оларға мектеп әкімшілігінің алғыс хаттары табысталды. Мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Ж.Мықтыбекова өз сөзінде барлық оқушыларды, ұстаздарды оқу жылының табысты аяқталуымен құттықтап, алдағы уақытта да жаңа биіктерді бағындыруға тілектестік білдірді.
Жылдың қорытындысы ретіндқе өткен бұл шара – жетістікке жеткен жас буынға шабыт беріп, білімге деген құштарлықтарын арттыра түскені сөзсіз.