Ағымдағы жылдың 15-ші мамыр күні мектебімізде «Үздік сынып жетекші – 2025» атты байқау жоғары деңгейде өтті! Бұл шара – шәкірт жүрегіне жол тауып, тәрбиелік мәні зор жұмыстарымен көзге түсіп жүрген сынып жетекшілердің кәсіби шеберлігін айқындайтын маңызды алаң болды. Байқау барысы алты бөлімнен тұрды. Қатысушылар әсем әуенмен сахнаға шығып, көрерменмен сәлемдесті. Әр сынып жетекшісі өзінің ұстаздық жолын, сыныбымен жеткен жетістіктерін әсерлі әрі шығармашылық түрде таныстырды. Қатысушылар өз сыныптарында атқарылған тәрбие жұмыстарын презентация түрінде ұсынып, фотосуреттер мен бейнематериалдар арқылы көрнекі жеткізді.Нағыз кәсіби шеберлік сыналатын кезеңде ұстаздар күтпеген жағдайға тап болған сәттегі шешім қабылдау қабілеттерін көрсетті. Әр сынып жетекші өз сыныптарындағы татулық пен ұйымшылдықты бейнелейтін әсерлі көріністер ұсынды. Ән, би, көркем сөз, сахналық қойылым – ұстаздарымыздың өнерге де жақын екеніне тағы бір мәрте көз жеткіздік. Қорытынды сәтте әділқазылар алқасы жеңімпаздарды анықтап, марапаттарын табыстады. Шара соңында тамаша музыкалық нөмір орындалып, көрермендер ерекше әсермен тарасты.
Сынып жетекшілерімізге шығармашылық табыс, қажымас қайрат, шәкірт жүрегіне жол табар сарқылмас шабыт тілейміз!