Меню KDT

logo7.png?_=1

Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданының білім бөлімінің Антон Семенович Макаренко атындағы орта мектебі КММ
  • kz
  • ru
  • Статьи

    А.С.Макаренко атындағы орта мектебінде 11 мамыр-Аналар күніне орай
    «Әке мен ананың отбасындағы рөлі» тақырыбында 7-8 сыныптар арасында пікірсайыс өткізілді.
    Мақсаты:
    • Отбасындағы ата-ананың (әке мен ананың) орны мен рөлін түсіндіру;
    • Оқушылардың ойлау, сөйлеу, дәлелдей білу дағдыларын дамыту;
    • Оқушылардың отбасы құндылықтарына деген құрметін арттыру;
    • Пікірсайыс мәдениетін қалыптастыру және қоғамдық пікір білдіре алу қабілетін дамыту.
    Міндеттері:
    1. Әке мен ананың отбасыдағы атқаратын қызметтері мен маңызын талқылау;
    2. Оқушылардың белсенділігін арттыру және сыни тұрғыдан ойлауын жетілдіру;
    3. Оқушыларға өз пікірін нақты, дәлелді түрде білдіру дағдысын үйрету;
    4. Топпен жұмыс жасау, қарсы пікірді тыңдай білуге үйрету;
    5. Отбасылық тәрбие мен бірлік құндылықтарын насихаттау.
    Нәтижесі:
    • Оқушылар отбасындағы әке мен ананың маңызын терең түсінді;
    • Пікірталас арқылы өз көзқарастарын сенімді түрде қорғауға дағдыланды;
    • Топпен жұмыс істеу және қарсы топтың пікірін тыңдау мәдениетін меңгерді;
    • Сыни және креативті ойлау дағдылары дамыды;
    • Іс-шара оқушылардың белсенділігін арттырып, отбасылық құндылықтарға деген қызығушылығын оятты.
     
     
     
     
     
     
     
    Источник: https://www.facebook.com/asmakarenkoatyndagyortamektebi/posts/pfbid0YXmMrJPT1TFRDZFhqjQQE4ALU3nZ7Ee5nGx5GnaeYFj83sWJAAmU21c1nfnaYdVkl
    2025-05-14

    Послание
    Президента

    Рухани жаңғыру

    фотогалерия