Антон Семенович Макаренко атындағы орта мектебінде 9 мамыр -Ұлы Жеңіс күніне орай "Мың тағзым саған" тақырыбында Жеңістің 80 жылдығына арналған мерекелік іс-шара өткізілді.
Іс-шараның негізгі мақсаты-оқырмандарға Жеңіс күнінің маңызын ұғындыру, майдангерлерге деген құрмет пен алғыс сезімін ояту, бейбіт өмірдің қадірін түсіндіру болды.
Мерекелік іс-шараға мектебімізге демеушілік жасаған "Тараз химиялық паркі" арнайы экономикалық аймағы басқарушылық компаниясы акционерлік қоғамының басқарма Төрағасы Мукамбеткалиев Қайрат Кенжебекович келіп қонақ болды. Іс-шараға патриоттық өлеңдер оқылып, әндер мен билер орындалды. Сонымен қатар, мектеп кітапханашысы тақырыпқа сай кітап көрмесін ұйымдастырып, қатысушылар назарына ұсынылды.