Антон Семенович Макаренко атындағы орта мектебінде жеңісті жаңғыртуға күш салған ерлігі дастан аға буынның көрсеткен ерлігін жас ұрпаққа насихаттау, жас ұрпақтың бойынан ҰОС ардагерлеріне, Отан қорғаушылар бейнесіне, әскери дәстүрлерге және әскери қызметке деген құрметті қалыптастыру, Отан сүйгіштікпен көпұлттылықты, өскелең ұрпақты туған елдің тарихын құрметтеуге тәрбиелеп, өнерлі оқушыларды анықтап, сахна өнеріне баулу мақсатында ағымдағы жылдың 5 мамыр күні мектебімізде 1-4 сынып білім алушылары арасында «Ерлік- елге мұра, ұрпаққа үлгі» атты тақырыпта патриоттық әндер байқауы өтті. Байқауда талапкерлердің әнді орындау шеберлiгiне, әннiң оранжировкасына, сахна мәдениетiн игеруіне, киiм кию үлгісіне назар аударылды.Байқау соңында әнді нақышына келтіріп орындаған оқушыларға мектеп директоры А.Тунгатаров пен директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Мықтыбекова Жамал Жаппаровна дипломмен марапаттады.