Мектеп мәзірі
Мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары С.Ильясова II тоқсан қорытындысы мен оқушылардың оқу үлгерімі жөнінде хабардар етсе, мектеп инспекторы Б.Жайлибеков "Құқық бұзушылықтың алдын алу мен оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету" жайында ата-аналарға түсіндіріп өтті . Ал әлеуметтік педагог Н.Жадырасинова оқушылардың бір мезгіл ыстық тамақпен қамтылуы жайлы ата-аналарға ақпарат оқыды және мектеп медбикесі Г.Арипова жұқпалы аурулардың алдын алу шаралары туралы мәлімет берді.
Сонымен қатар, балаларды адамгершілікке тәрбиелеудегі ата-ананың жауапкершілігі, мектепте ата-ананың оқу-тәрбие саласындағы рөлі, алдағы уақытта оқушыларды тәрбиелеуде мұғалім мен ата-ананың бірігіп жұмыс жасауы мәселелері қарастырылып, тәрбиеге қатысты ұсыныстары талқыланды.