Меню KDT

logo7.png?_=1

Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданының білім бөлімінің Антон Семенович Макаренко атындағы орта мектебі КММ
  • kz
  • ru
  • ТӘЛІМ.ТАҒЫЛЫМ.ТӘРБИЕ

    Антон Семенович Макаренко атындағы орта мектебінде ата - аналарды балаларға жауапкершілікпен қарауға шақыру, баланың бүгінгі істеген қадамы ертеңгі тұлға ретінде қалыптасуына үлкен әсер ететінін атап өту мақсатында мектеп мәжіліс залында жалпы ата-аналар жиналысы өтті. Жиналыс барысында мектеп директоры А.Тунгатаров ата-аналарға мектеп ережесі мен тәртібіне тоқталып, келеңсіз жағдайлардың белең алуына төтеп беру әрекеттерін түсіндірді.

    Мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары С.Ильясова II тоқсан қорытындысы мен оқушылардың оқу үлгерімі жөнінде хабардар етсе, мектеп инспекторы Б.Жайлибеков "Құқық бұзушылықтың алдын алу мен оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету" жайында ата-аналарға түсіндіріп өтті . Ал әлеуметтік педагог Н.Жадырасинова оқушылардың бір мезгіл ыстық тамақпен қамтылуы жайлы ата-аналарға ақпарат оқыды және мектеп медбикесі Г.Арипова жұқпалы аурулардың алдын алу шаралары туралы мәлімет берді.
    Сонымен қатар, балаларды адамгершілікке тәрбиелеудегі ата-ананың жауапкершілігі, мектепте ата-ананың оқу-тәрбие саласындағы рөлі, алдағы уақытта оқушыларды тәрбиелеуде мұғалім мен ата-ананың бірігіп жұмыс жасауы мәселелері қарастырылып, тәрбиеге қатысты ұсыныстары талқыланды.







    24.01.2025

    Послание
    Президента

    Рухани жаңғыру

    фотогалерия