1 |
Білім беру ұйымының атауы |
«Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданының білім бөлімінің Антон Семенович Макаренко атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі |
орналасқан жері, пошталық мекенжайы |
081124, Қазақстан Республикасы, Жамбыл облысы, Шу ауданы, Шу қаласы, Қарасу көшесі, 2 |
|
телефон |
3-07-61 |
|
электрондық пошта мекенжайы |
ASMakarenko2018@yandex.kz |
|
2 |
Бос немесе уақытша бос лауазымның атауы, жүктеме |
Орыс тілінде оқытатын мектепалды даярлық сыныбының мұғалімі -24 сағат.
|
негізгі функционалдық міндеттері |
білім беру процесі кезінде балалардың өмірі мен денсаулығын сақтау үшін жағдайлар жасауды қамтамасыз етеді; мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының талаптарына, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу жоспарына сәйкес сабақ кестесіне сәйкес педагогикалық процесті жүзеге асырады; балалар қызметін басқарады (ойын, шығармашылық, танымдық, қозғалыс, бейнелеу, еңбек, эксперименттік, дербес және өзгесі); заттық-дамытушылық ортаны құрады; балалардың біліктері мен дағдыларының дамуын қадағалайды; бос уақытты, спорттық іс-шараларды және өзге де шараларды ұйымдастырады және өткізеді; балалармен жұмыс жасауда тұлғаға бағытталған тәсілді жүзеге асырады; дамуында ауытқулары бар балалармен түзету қызметі саласындағы мамандарға көмек көрсетеді, жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, оқу-әдістемелік әдебиетті зерделеу негізінде және балалардың жеке ерекшеліктерін ескере отырып, білім беру процесін жоспарлайды; мектепке түсу кезінде бірдей бастапқы мүмкіндіктерді қамтамасыз ету үшін білім беру ортасына ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балаларды әлеуметтендіруді жүзеге асырады; балалардың жеке қажеттіліктерін ескере отырып, оқытудың жаңа тәсілдерін, тиімді нысандарын, әдістері мен құралдарын қолданады; білім беру ұйымдарында өткізілетін іс-шараларға (кеңестер, педагогикалық кеңестер, конкурстар және басқалар)қатысады; кәсіби құзыреттілікті арттырады; отандық және шетелдік тәжірибені зерттеу негізінде үздік тәжірибелерді зерделеумен, жинақтаумен, таратумен және енгізумен айналысады; мектепке дейінгі жастағы балаларды оқыту мәселелері бойынша ата-аналарға консультациялық көмекті жүзеге асырады.
|
|
еңбекке ақы төлеу мөлшері мен шарттары |
- еңбек өтілі мен біліктілік санатына сәйкес төленеді;
|
|
3 |
Кандидатқа қойылатын біліктілік талаптары Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамалары |
"Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту" бағыты бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі және (немесе) техникалық және кәсіптік педагогикалық білім немесе "Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі" бағыты бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі немесе техникалық және кәсіптік педагогикалық білім немесе педагогикалық қайта даярлығын растайтын құжат, жұмыс өтіліне талаптар қойылмайды; және (немесе) біліктілігінің жоғары деңгейі болған кезде жұмыс өтілі: педагог-модератор және педагог-сарапшы үшін – кемінде 2 жыл, педагог-зерттеуші үшін – кемінде 3 жыл, педагог-шебер үшін-5 жыл; және (немесе) біліктілігінің орта деңгейі болған кезде жұмыс өтілі: педагог-модератор үшін – кемінде 2 жыл, педагог-сарапшы үшін – кемінде 3 жыл, педагог-зерттеуші үшін-кемінде 4 жыл. |
4 |
Құжаттарды қабылдау мерзімі |
Сағат 9.00-18.00, үзіліс 13.00-14.00дейін. |
5 |
Қажетті құжаттар тізімі |
1) осы Қағидаларға 15-қосымшаға сәйкес нысан бойынша конкурсқа қатысу туралы өтініш; 2) жеке басын куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін); 3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – Бар болса); 4) педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері; ; 5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса); 6)"Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы"ҚР Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама; 7) Психоневрологиялық ұйымнан анықтама; 8) Наркологиялық ұйымнан анықтама; 9) ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты (бұдан әрі - ТБЖ) немесе педагог-модератордың, педагог-сарапшының, педагог-зерттеушінің, педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса); 10) –ағылшын тілі педагогтері лауазымына орналасуға Кандидаттар үшін пән бойынша шекті деңгейі кемінде 90%сертификаттау нәтижелері туралы сертификаты немесе педагог-модератордың немесе педагог-сарапшының, немесе педагог-зерттеушінің немесе педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса) немесе Celta сертификаты(Certificatein English Language Teachingto Adults. Cambridge) passa; Delta (Diplomain English Language Teachingto Adults) Passandabove немесе IELTS (IELTS) – 6,5 балл; немесе TOEFL(TOEFL) (интернетке негізделген тест (IWT)) - 60-65 балл; болу керек. 11) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында арнайы пәндер бойынша педагогтер және Өндірістік оқыту шеберлері лауазымдарына педагогикалық Қызметке кіріскен, тиісті мамандық немесе бейін бойынша Өндірісте кемінде 2 жыл жұмыс өтілі бар педагогтер Сертификаттаудан өтуден босатылады. 12) Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидаларының 16-қосымшына сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған бағалау парағы. 13) тәжірибе жоқ кандидаттың бейнепрезентациясы кемінде15 минут, ең төменгі ажыратымдылығы – 720 x 480. |
6 |
Комиссия мүшелерінің құжаттарды қарау мерзімі |
2024 жылдың 13.09-19.09. күндер аралығында (5 жұмыс күндері) |