9.02.2024ж А.С.Макаренко атындағы орта мектебінде “Ата-аналарды педагогикалық қолдау”орталығының жылдық жоспарына сәйкес 1-4сынып оқушыларының ата-аналарына арналған «Құмар ойындар-тәуелділік қақпаны.Балалардың компьютерлік ойындарын қалай жеңуге болады?» тақырыбында 2«Ә» сынып жетекшісі Нұрадин Айнур сабақ өткізді.
А.С.Макаренко атындағы орта мектебі бойынша Қазақстан Республикасы
Оқу-ағарту министрінің
2023 жылғы «3» наурыздағы
№ 61 бұйрығына қосымша
"Орта білім беру ұйымдарында мектепішілік есепке алу" жөніндегі әдістемелік ұсынымдардардың 1-бөлімде көрсетілген жалпы ережелеріне сәйкес мектепішілік есепте тұрған үш оқушымен бірқатар түзету жұмыстары жүргізілді. Атап айтатын болсақ, оқушылардың кітап оқуға қызығушылығын арттырудың 6 жолын негізге алып,кітапханадан қызығушылық танытып алынған кітаптарды оқуына бір апта берілді.Бір аптадан кейін оқушылар оқыған кітаптарының түсінігін айтып, қорытындылады. Оқушылардың кітап оқуын жалғастыру мақсатында іс-шара жалғасын табады. Жоғарыда аталған оқушылармен түзету жұмыстарын тек сұқбаттасу түрінде жүргізбей(форматын өзгерту мақсатында) ,жағымды көңіл -күй сыйлай отырып, түзету жұмыстары жүргізілді. Жоспарға сәйкес аптаның аяғында оқушылардың ата-аналарымен жекелей кездесіп, окушылардың тәртібіне қорытындылау жүргізіліп,хаттама толтырылды.