Меню KDT

logo7.png?_=1

КГУ Средняя школа имени Антона Семеновича Макаренько отдела образования Шуского района управления образования Жамбылской области
  • kz
  • ru
  • Статьи

    "БІЛІМІМ - ОТАНЫМА!" ЖАЛПЫРЕСПУБЛИКАЛЫҚ БІРЫҢҒАЙ ТӘРБИЕ САҒАТЫ Шу ауданы білім бөлімінің А.С.Макаренко атындағы орта мектебінде "Білімім - Отаныма!" жалпыреспубликалық бірыңғай тәрбие сағаттары өткізілді. Мақсаты:Оқушыларды қазіргі заман талабына сай терең білім алуға ынталандыру,мәдени құндылықтарды баланың бойына сіңіру. Жас ұрпақты туған жерін, туған елін құрметтейтін, саналы,ізденімпаз болуға тәрбиелеу.Балаларды ұстаздарды құрметтеуге, білім ұясына қамқор болуға, білім алуға құштар болуға, жыл бойы алған білімінің нәтижесін қорытындылай білуге тәрбиелеу. Тәрбие сағаты ҚР Гимнімен басталып, ҚР Оқу-ағарту министрінің жалпыреспубликаның білім алушыларына құттықтау сөзін бейнероликтен көріп,тыңдады. Сынып жетекшілерінің “Ұлттық мүдде, Ар-ұят, Талап” құндылықтарына негізделген жұмыстары өз деңгейінде ұйымдастырылды. Тәрбие сағатының соңында оқушыларға жазғы уақыттағы қауіпсіздік шаралары, құқық бұзушылықтың алдын алу шаралары туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді. #ҚР_Оқу_ағарту_министрлігі #BirtutasTarbie #MeruertMedetbekova #ЖамбылОблыстықҚоғамдықКеңесі #ЖамбылОблысыОқу_әдістемелікОрталық #ШуАуданыБілімБөлімі #ShuAudanyAkimdigi

    25.05.2024


    Возможно, это изображение 12 человек, люди учатся, стол, больница и текст


    Возможно, это изображение 5 человек, люди учатся и текст

    Возможно, это изображение 10 человек, люди учатся и текст


    А.С.Макаренко атындағы орта мектебінде жалпы ата-аналар жиналысы өткізілді. Күн тәртібіндегі мәселелер: 1.2023-2024 оқу жылының аяқталуы.Жазғы мектептің жұмысы туралы ата-аналарға түсіндірме жұмысы. 2.2024-2025 жаңа оқу жылына мектеп формасына қойылатын талаптарды сақтау бойынша ата-аналарға ақпарат беру. 3.Оқушылардың жазғы сауықтыру лагері туралы ата-аналарға ақпарат беру. 4.Жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықты алдын алу және электро мопедтен төнетін қауіп. 5.Жазғы демалыч кезіндегі судағы қауіпсіздіктен терезеден құлау және түрлі төтенше жағдайлардың алдын алу. 6.Адам папилома вирусы жайлы жайлы жайлы жарақаттанулардың алдын алу. 7.2024-2025 оқу жылында бір мезгіл тегін және жеңілдетілген ыстық тамақты ұйымдастыру бойынша жинақталған құжат туралы ата-аналарға түсіндірме жұмысы. Жиналысқа мектеп директоры Тунгатаров Асхат Асанбекұлы, мектеп инспекторы Б.С.Жайлибеков, медбике Кузьмина Надежда Геннадьевна, ТЖБ аға инженері Пермебаев М.Б және ұстаздар мен ата-аналар қатысты. Ұстаздарды ұйып тыңдаған ата-аналар бала тәрбиесінде орын алып жатқан олқылықтар мен ағаттықтардың алдын алуға бағытталған жұмысқа оң бағасын беріп, бала тәрбиесіне немқұрайлылық танытпау қажеттігін ұғынғандай. #Жалпыатааналаржиналысы

    22.05.2024
    Возможно, это изображение текст



    Возможно, это изображение текст «повестке дня: д.(Омарова A) На 1. Итоги 2023-2024 учебного года. Разъяснительная работа по летней школе для родителей. Зам директора по учебной части: Ильясова С.А 2. Информация o школьной форме на новый 2024-2025 учебный 3.Информация для родителей o летнем лагере. Предупреждение правонарушений среди подростков, также про опасность электромопедов. Школьный инспектор по делам несовершеннолетних: Жаилбеков Б.С) 5. Профилактика заболеваний впЧ. (Школьная медсестра:Г.Арипова) 6. Пояснительная работа среди родителей o горячем питании на 2024-2025 учебный д.(Социальный педагог: Жадрасинова H.K) 7. Предупреждение o несчастных случаях: безопасность в воде BO время летних каникул. Падение с окон и ο других несчастных случаях.»



    Возможно, это изображение текст

    Возможно, это изображение 5 человек, люди учатся, помост и текст


    Возможно, это изображение 6 человек и текст

    Возможно, это изображение 12 человек, люди учатся и текст

    Возможно, это изображение 4 человека, люди учатся, помост и текст




     

    А.С.Макаренко атындағы орта мектебінде Сұлтан Бейбарыстың 800 жылдығына орай мектептің тарих пәні мұғалімдері:Ускембаева З.Б және Маткалыкова Б.Е 6-8 сынып оқушыларымен «Дара тұлға Сұлтан Бейбарыс» тақырыбында тәрбие сағатын өткізді. Сабақ барысында оқушылар Сұлтан Бейбарыстың өмір баянымен таныстырып ,презентация көрсетіліп,Сұлтан Бейбарыс фильмінен үзінді тамашалады.6-8 сынып оқушылары Сұлтан Бейбарысқа арнаулар айтып ,баяндама оқыды. Мақсаты: 1.Оқушыларды Сұлтан Бейбарыстың өмірбаянымен таныстыру. 2.Оқушылардың сөйлеу тілін дамыту, сөздік қорын молайту, ойлау,есте сақтау, сезіну қабілеттерін дамыту. 3.Сұлтан Бейбарыстың өмірбаяны арқылы тарихи тұлғаларымызға деген қызығушылығын арттыруға тәрбиелеу.Оқушыларды адамгершілікке, еңбекқорлыққа, отансүйгіштікке баулу. Білімге деген құштарлығын арттыру.

    10.04.2024


    Возможно, это изображение 11 человек, люди учатся и текст


    Возможно, это изображение 4 человека, люди учатся и текст


    Возможно, это изображение 11 человек, люди учатся и текст

    Возможно, это изображение 15 человек, люди учатся и текст

     

    🔹Антон Семенович Макаренко атындағы орта мектебінде қамқоршылық кеңесінің жоспарына сәйкес “Игі істер”акциясы аясында қамқоршылық кеңесінің 3-ші отырысы өткізілді. Күн тәртібінде: 1.Аз қамтылған отбасындағы балалар мен қорғаншылықта және қамқоршылықтағы балаларға және интернет тәрбиеленушілеріне материалдық көмек көрсету. 2.Жетім,жартылай жетім және отбасылық жағдайы төмен аз қамтылған жанұяның балаларының үй-тұрмысымен танысу,акт жасау. 3."Наурыз" мерекесіне орай ардагерлерді мерекелік іс-шараларға қатыстыру 4.Мектеп инспекторының есебін тыңдау.Қамқоршылық кеңесінің орынбасары Асылбеков Бақыт Болатович күн тәртібіндегі мәселелермен танысып,баяндамашыларға сөз берді.Отырыс соңында тыңдалған мәселелер бойынша қамқоршылық кеңесінің мүшелері бір ауыздан шешім қабылдап,хаттама жазылды. #Қамқоршылық_кеңес

    2.05.2024


    Возможно, это изображение 8 человек, люди учатся и текст


    Возможно, это изображение 6 человек, люди учатся и текст




     

    Бракераж комиссиясы тамақтану сапасына мониторинг жүргізу барысында ешқандай ереже бұзушылық болмағанын анықтады. Антон Семенович Макаренко атындағы орта мектебінің директоры Тунгатаров Асхат Асанбекұлы бракераж комиссия мүшелерімен танысып, бракераж комиссиясымен алдағы уақытта атқарылатын жұмыстарды талқылап, мектеп асханасында тамақтану ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 5 тамыздағы № ҚР ДСМ-76 бұйрығымен білім беру ұйымдарындағы қоғамдық тамақтану объектілеріне қойылатын талаптарға сәйкестігін қадағалау мақсатында асханада тексеру жұмыстарын жүргізді. Асхананың тазалығын, ас мәзірін, оқушылардың тамақтану барысын, берілген тамақтың ас мәзірімен сәйкестігін және бір мезгіл тегін және жеңілдетілген ыстық тамақпен қамтылған оқушыларға ЖК "АЛЛАНА" әкелген азық-түліктің сапасын, жарамдылық мерзімін, мөлшерін тексеріп қабылдап алды. Бракераж комиссиясы тамақтану сапасына мониторинг жүргізу барысында ешқандай ереже бұзушылық болмағанын анықтады.

    02.02.2024

















    “Ата-аналарды педагогикалық қолдау”орталығының жылдық жоспарына сәйкес 1-4 сынып оқушыларының ата-аналарына арналған «Құмар ойындар-тәуелділік қақпаны.Балалардың компьютерлік ойындарын қалай жеңуге болады?» тақырыбында сабақ өткізілді.

    9.02..2024
    9.02.2024ж А.С.Макаренко атындағы орта мектебінде “Ата-аналарды педагогикалық қолдау”орталығының жылдық жоспарына сәйкес 1-4сынып оқушыларының ата-аналарына арналған «Құмар ойындар-тәуелділік қақпаны.Балалардың компьютерлік ойындарын қалай жеңуге болады?» тақырыбында 2«Ә» сынып жетекшісі  Нұрадин Айнур сабақ өткізді. 
    Мақсаты: Ата-аналардың интернет-ресурстарды қауіпсіз пайдалану, балалардың ойынға тәуелділігін жеңу дағдыларын дамыту.

    "Орта білім беру ұйымдарында мектепішілік есепке алу" жөніндегі әдістемелік ұсынымдардардың 1-бөлімде көрсетілген жалпы ережелеріне сәйкес мектепішілік есепте тұрған үш оқушымен бірқатар түзету жұмыстары жүргізілді.

    24.11.2023
    А.С.Макаренко атындағы орта мектебі бойынша Қазақстан Республикасы
    Оқу-ағарту министрінің
    2023 жылғы «3» наурыздағы
    № 61 бұйрығына қосымша
    "Орта білім беру ұйымдарында мектепішілік есепке алу" жөніндегі әдістемелік ұсынымдардардың 1-бөлімде көрсетілген жалпы ережелеріне сәйкес мектепішілік есепте тұрған үш оқушымен  бірқатар түзету жұмыстары жүргізілді. Атап айтатын болсақ, оқушылардың кітап оқуға қызығушылығын арттырудың 6 жолын негізге алып,кітапханадан қызығушылық танытып алынған кітаптарды оқуына бір апта берілді.Бір аптадан кейін оқушылар оқыған кітаптарының түсінігін айтып, қорытындылады. Оқушылардың кітап  оқуын жалғастыру мақсатында іс-шара жалғасын табады. Жоғарыда аталған оқушылармен түзету жұмыстарын тек сұқбаттасу түрінде жүргізбей(форматын өзгерту мақсатында) ,жағымды көңіл -күй сыйлай отырып, түзету жұмыстары жүргізілді. Жоспарға сәйкес  аптаның аяғында оқушылардың ата-аналарымен жекелей кездесіп, окушылардың тәртібіне  қорытындылау жүргізіліп,хаттама толтырылды.

    Послание
    Президента

    Рухани жаңғыру

    фотогалерия