Меню KDT

logo7.png?_=1

КГУ Средняя школа имени Антона Семеновича Макаренько отдела образования Шуского района управления образования Жамбылской области
  • kz
  • ru
  • Статьи

    “Отбасы – бақыт мекені” атты Республикалық апталық аясында, сыныптарда тәрбие сағаттары өткізілді.

    2025-09-15
    А.С. Макаренко атындағы орта мектебінде 2025 жылдың қыркүйек айында “Отбасы – бақыт мекені” атты Республикалық апталық аясында, сыныптарда тәрбие сағаттары өткізілді.
    Іс-шараның негізгі мақсаты – оқушылардың отбасылық құндылықтарға деген құрметін арттыру, ата-ана мен бала арасындағы сыйластықты дәріптеу, мейірімділік пен жауапкершілік сезімін қалыптастыру болды.
    Тәрбие сағаттары барысында оқушыларға отбасының қоғамдағы рөлі мен маңызы түсіндіріліп, “Менің бақытты отбасым”, “Отбасы – тәрбие негізі”, “Сыйластық пен мейірімділік – отбасының тірегі” тақырыптарында ой бөлісу, пікірталас, көріністер көрсету ұйымдастырылды. Сонымен қатар, оқушылардың отбасына деген сүйіспеншілігін арттыру мақсатында бейнероликтер көрсетіліп, өлеңдер оқылды.
    Іс-шара оқушылардың ой-өрісін кеңейтіп, отбасылық құндылықтарға деген көзқарасын нығайтып, ұжымдық бірлікті арттыруға ықпал етті.
     


    «Менің берік отбасым» тақырыбында 1-сынып ата-аналарымен мектеп психологы Ж.Ченсызбаева психологиялық кеңес өткізді.

    2025-09-12
    А.С. Макаренко атындағы орта мектебінде «Менің берік отбасым» тақырыбында 1-сынып ата-аналарымен мектеп психологы Ж.Ченсызбаева психологиялық кеңес өткізді.
    Кеңестің негізгі мақсаты – ата-аналарға отбасындағы береке-бірліктің бала тәрбиесіндегі маңызын түсіндіру, отбасы мүшелері арасындағы өзара түсіністік пен сыйластықты нығайту, ата-аналардың педагогикалық және психологиялық мәдениетін арттыру болды.
    Шара барысында психолог ата-аналарға жағдаяттық тапсырмалар мен сұрақ-жауап әдістері арқылы тиімді қарым-қатынас орнатудың жолдарын көрсетті. Сонымен қатар, ата-аналар өз ойларымен бөлісіп, отбасылық құндылықтарды сақтау мен нығайтуға қатысты пікір алмасты. Мектеп психологы ата-аналардың WhatsApp желілеріне психологиялық кеңес жадынамаларын таратты.

    «Менің бақытты отбасым» тақырыбында сурет байқауын технология пән мұғалімі А.Баялбекова өткізді.

    2025-09-12
    А.С. Макаренко атындағы орта мектебінде «Менің бақытты отбасым» тақырыбында сурет байқауын технология пән мұғалімі А.Баялбекова өткізді. Байқаудың негізгі мақсаты – оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, отбасы құндылықтарын дәріптеу, әр баланың өз отбасына деген сүйіспеншілігін сурет арқылы жеткізе білуге баулу болды.
    Шараға 5-6-7 сынып оқушылары белсене қатысып, өз отбасын қуаныш пен шаттықтың, мейірім мен бірліктің ордасы ретінде бейнеледі. Әрбір жұмыс оқушылардың қиялы мен өнерге қызығушылығын, сондай-ақ отбасына деген мақтаныш сезімін айқын көрсетті.

    “Отбасы құндылықтары” тақырыбында интернат меңгерушісі Г.Адамжанова, интернат тәрбиешісі Ү.Байғараева ата-аналармен кездесу ұйымдастырды.

    2025-09-12
    А.С.Макаренко атындағы орта мектебінің “Отбасы -бақыт мекені” атты Республикалық апталықтық жоспарына сәйкес “Отбасы құндылықтары” тақырыбында интернат меңгерушісі Г.Адамжанова, интернат тәрбиешісі Ү.Байғараева ата-аналармен кездесу ұйымдастырды. Кездесу барысында ата-аналар мектебімізге экскурсия жүргізіліп, интернаттың ішкі тәртібімен таныстырды. Мектеп медбикесі асханада интернат тәрбиеленушілердің ас мәзірімен таныстырып өтті.
    «Отбасы құндылықтары» тақырыбында ата-аналармен кездесу мақсаты:
    • Ата-аналарға отбасының қоғамдағы маңызы мен орны туралы түсінік беру;
    • Отбасындағы ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтарды дәріптеу;
    • Ата-ана мен бала арасындағы сыйластықты, өзара түсіністік пен жауапкершілікті нығайту;
    • Бала тәрбиесінде отбасының шешуші рөлін айқындау;
    • Қатысушыларды отбасылық бірлік пен татулықты сақтауға, өнегелі тәрбие беруге баулу.

    https://www.facebook.com/share/v/1AxdLe1Y43/



    Мектебімізде “Отбасы- бақыт мекені” Республикалық апталықтың жоспарына сәйкес, мектеп кітапханашысы Б.Исатаева “Бақытты отбасы-зорлық зомбылықсыз әлем” тақырыбында кітап көрмесін өткізді.

    2025-09-12
    Мектебімізде “Отбасы- бақыт мекені” Республикалық апталықтың жоспарына сәйкес, мектеп кітапханашысы Б.Исатаева “Бақытты отбасы-зорлық зомбылықсыз әлем” тақырыбында кітап көрмесін өткізді. Көрмеге 8 сынып оқушылары қатысты. Оқушылар өздерінің отбасында қандай тәрбие алатындары туралы өз ойларымен бөлісті.
    «Зорлық-зомбылықсыз отбасы» тақырыбындағы кітап көрмесінің мақсаты:
    • Отбасы құндылықтарын насихаттау, зорлық-зомбылыққа қарсы көзқарас қалыптастыру;
    • Оқырмандарды мейірімділікке, сыйластыққа, түсіністікке баулу;
    • Зорлық-зомбылықтың қоғамға, әсіресе отбасы мүшелеріне тигізетін кері әсерін түсіндіру;
    • Отбасындағы өзара құрмет пен сүйіспеншілікті дәріптейтін көркем және ғылыми әдебиеттерді таныстыру;
    • Қоғамда бейбіт, татулығы жарасқан, зорлық-зомбылықсыз отбасылардың қалыптасуына үлес қосу.

    “Отбасы -бақыт мекені” атты Республикалық апталықтың жоспарына сәйкес, А.С.Макаренко атындағы орта мектебінің интернат тәрбиешісі Ү.Байғараева дөңгелек үстел ұйымдастырды.

    2025-09-12
    “Отбасы -бақыт мекені” атты Республикалық апталықтың жоспарына сәйкес, А.С.Макаренко атындағы орта мектебінің интернат тәрбиешісі Ү.Байғараева дөңгелек үстел ұйымдастырды.
    «Отбасы – бақыт мекені» тақырыбындағы дөңгелек үстелдің мақсаты:
    • Отбасының қоғамдағы орны мен маңызын түсіндіру;
    • Отбасы құндылықтарын дәріптеу, ата-ана мен бала арасындағы сыйластықты нығайту;
    • Жас ұрпаққа отбасы – сүйіспеншілік пен мейірім, бірлік пен татулық ордасы екенін ұғындыру;
    • Қатысушыларды өз отбасына құрметпен қарауға, жауапкершілік пен сүйіспеншілікке тәрбиелеу;
    • «Бақыттың кілті – отбасы» екенін дәлелдеп, ой-пікір алмасу алаңын құру.

    Қазақстан халқы тілдер күніне орай "Тілі бірдің -тілегі бір" тақырыбында өзге ұлт өкілдері арасында мәнерлеп оқу байқауы ұйымдастырылды.

    2025-09-09
    Шу ауданы білім бөлімі оқушылар арасында Қазақстан халқы тілдер күніне орай "Тілі бірдің -тілегі бір" тақырыбында өзге ұлт өкілдері арасында мәнерлеп оқу байқауы ұйымдастырылды. Мәнерлеп оқу байқауы “ Балалар және жасөспірімдер орталығының” базасында өткізілді.
    Байқаудың мақсаты – мемлекеттік тілді дәріптеу, өзге ұлт оқушыларының қазақ тіліне деген қызығушылығын арттыру, мәнерлеп оқу дағдыларын дамыту, ұлттық рухани құндылықтарға құрметпен қарауға тәрбиелеу.
    Біздің, яғни А.С.Макаренко атындағы орта мектебінен 10”Б” сынып оқушысы Александрова Ангелина қатысып БАС ЖҮЛДЕні иеленді. Жетекшісі қазақ тілі мен әдебиет пән мұғалімі Жиреншиева А.

    Қазақстан халқының тілдер күніне орай бекітілген жоспарына сәйкес, 2025 жылдың 4-14 қыркүйек аралығында 1-11 сынып жетекшілері, сынып сағаттарын өткізді.

    2025-09-09
    А.С.Макаренко атындағы орта мектебінде Қазақстан халқының тілдер күніне орай бекітілген жоспарына сәйкес, 2025 жылдың 4-14 қыркүйек аралығында 1-11 сынып жетекшілері, сынып сағаттарын өткізді. Сынып сағат "А.Байтұрсынұлы қазақ тіл білімінің атасы", "Латын әліпбиінің негізін қалаушы", "Тілге құрмет-елге құрмет", "Тілім менің тірегім" тақырыптарында өткізілді.
    Сынып сағатының мақсаты: оқушыларға мемлекеттік тілдің қоғамдағы рөлі мен маңызын түсіндіру, ана тіліне деген сүйіспеншілік пен құрмет сезімін қалыптастыру, ұлттық құндылықтарды дәріптеу.

    9 қыркүйек күні қазақ тілі мен әдебиеті пән мұғалімдері, 5-8 сынып арасында, “ Тіл мәртебесі-ел мерейі” тақырыбында эссе жазу байқауын ұйымдастырды.

    2025-09-09
    А.С. Макаренко атындағы орта мектебінде 2025 жылдың 9 қыркүйек күні қазақ тілі мен әдебиеті пән мұғалімдері, 5-8 сынып арасында, “ Тіл мәртебесі-ел мерейі” тақырыбында эссе жазу байқауын ұйымдастырды.
    Байқаудың мақсаты – оқушылардың мемлекеттік тілге деген құрметін арттыру, ана тіліміздің қадір-қасиетін ұғындыру, шығармашылық қабілеттерін дамыту және ой еркіндігін шыңдау.
    Қатысушылар өз ой-пікірлерін жүйелі жеткізіп, тіл мәртебесін көтеруге бағытталған шығармашылық жұмыстарын ұсынды.

    4–14 қыркүйек аралығында Қазақстан халқы тілдері күніне арналған іс-шаралар жоспары аясында "Тіл мәртебесі – ел мерейі" тақырыбында тәрбиелік іс-шара ұйымдастырылды.

    2025-09-09
    А.С. Макаренко атындағы орта мектеп жанындағы интернатта *4–14 қыркүйек аралығында Қазақстан халқы тілдері күніне арналған іс-шаралар жоспары аясында "Тіл мәртебесі – ел мерейі" тақырыбында тәрбиелік іс-шара ұйымдастырылды.
    Шара интернат тәрбиешілерінің жетекшілігімен өтті. Іс-шара барысында оқушылар *мемлекеттік тілдің маңызын*, тілге деген құрметті арттыратын өлең, көрініс, ән-жыр арқылы өз белсенділіктерін көрсетті. Тәрбиелік мәні жоғары іс-шара оқушылардың рухани дамуына оң әсерін тигізді.

    Тілдер мерекесіне орай «Тіл сарқылмас құндылық» тақырыпқа сай көрме ұйымдастырылды.

    2025-09-05
    А.С. Макаренко атындағы орта мектебінде Тілдер мерекесіне орай «Тіл сарқылмас құндылық» тақырыпқа сай көрме ұйымдастырылды.
    Көрмеге дәйек сөздер мен кітаптар қойылды. Мектеп оқушылары қатысып, тіл туралы тақпақтарымен бөлісті. Әр жыл сайын 5 қыркүйек елімізде Қазақстан халқының тілдер күні ретінде аталып өтеді. Бұл мереке мемлекеттік тіліміз қазақ тілінің мәртебесін арттыруға, сондай-ақ елімізде тұратын түрлі ұлт өкілдерінің ана тілін сақтауына, дамуына зор үлес қосады.

     

    А.С.Макаренко атындағы орта мектебінде спорттық жарыс!

    2025-09-05
    🟢 А.С.Макаренко атындағы орта мектебінде спорттық жарыс! 🟢
    Бүгін мектебімізде 6,7,8 сынып оқушылары арасында спорттық эстафета ұйымдастырылды.
    Жарыс барысында балалар шапшаңдықтарын, ептіліктерін көрсетіп, арқан тартысып, белсенділік танытты.
    Бұл шара оқушыларды салауатты өмір салтына баулып, достық қарым-қатынасты нығайтуға бағытталды.
    Жеңімпаздар марапатталып, барлық қатысушылар көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. 🎉💪

    Тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.Т.Омарованың ұйымдастыруымен #37 Балалар жасөспірімдер спорт мектебінің жаттықтырушылары мен әдіскері 5, 7, 8, 9-сынып оқушыларымен кездесу өткізді.

    2025-09-05
    “Антон Семенович Макаренко атындағы орта мектебінде”мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.Т.Омарованың ұйымдастыруымен #37 Балалар жасөспірімдер спорт мектебінің жаттықтырушылары мен әдіскері 5, 7, 8, 9-сынып оқушыларымен кездесу өткізді. Оқушыларға түсіндірме жұмыстарын
    ⚡️ Арыстанұлы Оразалы – бокстан жаттықтырушы
    ⚡️ Тлеуқұлов Ермахан – таэквандодан жаттықтырушы
    ⚡️ Әбіш Жанерке – әдіскер жүргізді.
    Кездесу барысында оқушыларға салауатты өмір салтының маңызы, спорттың денсаулыққа пайдасы түсіндіріліп, бокстың және таеквандоның ерекшеліктері жайлы мол мағлұмат берілді.
    💉 Сонымен қатар мектеп медбикесі Г.Арипова сөз алып, оқушыларға тазалық пен денсаулықтың өзара байланысы туралы пайдалы кеңестер берді.
    💪 Іс-шара жасөспірімдердің спортқа деген қызығушылығын арттырып, жігерін шыңдай түсті.
    #СалауаттыӨмірСалты #Спорт .С.МакаренкоМектебі

    7 қыркүйек – Денсаулық күні

    2025-09-05
    ✨ “7 қыркүйек – Денсаулық күні “✨
    А.С. Макаренко атындағы орта мектебінде бүгін ерекше мерекелік көңіл-күйде “Денсаулық күні” аталып өтті! 🏃‍♂️⚽️🏸
    📌 Күн таңғы сергіткіш жаттығумен басталып, оқушылар белсенділік танытты.
    Оқушылар салауатты өмір салтын ұстанудың маңыздылығын дәріптеп, спорттық ойындарға қатысып, көңілді уақыт өткізді. 💪🌿
    🤝 Эстафетаны жалғастыра отырып, келесі челленджді Ы. Алтынсарин атындағы орта мектебіне жолдаймыз!

    1 қыркүйек – Білім күніне орай өтетін «Алғашқы қоңырау» салтанаты 1 қыркүйек күні өтетінін хабарлайды.

    2025-08-28
    📚 Антон Семенович Макаренко атындағы орта мектебі 1 қыркүйек – Білім күніне орай өтетін «Алғашқы қоңырау» салтанаты 1 қыркүйек күні өтетінін хабарлайды.
    Салтанатты шараға 1, 9 және 11-сынып оқушылары қатысады.
    Ал, қалған сынып оқушылары үшін жаңа оқу жылы 2 қыркүйектен басталады.
    ✨ Салтанатты жиынға мектеп білім алушыларының ата-аналары мен заңды өкілдері, ата-аналар комитетінің мүшелері, оның ішінде бірінші сыныпқа қабылданған бүлдіршіндердің ата-аналарының алғашқы іс-шараларға қатысуы ерекше маңызды екенін атап өтеміз.
    📖 Биылғы Білім күніне арналған сынып сағатының тақырыбы:
    «Мектебім – мейірім мекені»
    Сонымен қатар, 1 қыркүйек күні білім алушылар, ата-аналар және педагогтер арасында «Мектебім – мейірім мекені» республикалық интернет-челленджі ұйымдастырылады.
    🔹 Челлендж шарттары:
    • 1-сынып оқушылары (немесе ата-ана, сынып жетекшісі): 1–2 минуттық қысқа интервью бейнеролик;
    • 2–4 сынып оқушылары: «Жазғы демалыстың жарқын естеліктері» тақырыбында бейнеролик;
    • 5–8 сынып оқушылары: «Жаз – жаңа тәжірибе уақыты» бейнеролик;
    • 9–11 сынып оқушылары: «Арманым мен мақсатым» тақырыбында бейнеролик.
    #Bilim_quni #Mektebim_meirim_mekeni хэштегтерімен жариялау ұсынылады.

    2025–2026 оқу жылы -Жаңғыру мен Жауапкершілік жылы! “Адал азамат” біртұтас тәрбие бағдарламасы

    2025-08-27
    📢 2025–2026 оқу жылы -Жаңғыру мен Жауапкершілік жылы!
    “Адал азамат” біртұтас тәрбие бағдарламасы
    Антон Семенович Макаренко атындағы орта мектепте жаңа оқу жылынан бастап "Адал азамат"біртұтас тәрбие бағдарламасы жүзеге асырылады.
    🔹 Әдістемелік-нұсқау хат – оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудың басты бағдары;
    🔹 «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы – жас ұрпақты әділдікке, адалдыққа, еңбексүйгіштікке тәрбиелеудің жүйелі құралы;
    🔹 Бірыңғай педагогикалық кеңес – ортақ ой мен шешім алаңы;
    🔹 Жасанды интеллектіні этикалық қолдану нұсқаулығы – болашаққа жауапты қадам;
    🔹 Этикалық стандарттар – әділеттілік пен ашықтық кепілі;
    🔹 2025–2029 жж. ЖИ енгізудің концептуалдық тәсілдері – білім беру жүйесін жаңа деңгейге көтерудің жолы;
    🔹 Академиялық адалдық ережелері – сапалы білімнің негізі.
    ✨ Жаңа оқу жылында әр қадамымыз ел болашағына салынған іргетас болсын!
    💡 Құрметті ата-аналар мен ұстаздар! Жаңа оқу жылында ортақ мақсатқа бірге қадам басайық!



    «Орта білім беру ұйымдары үшін міндетті мектеп формасына қойылатын талаптар»

    2025-08-26
    📌 Антон Семенович Макаренко атындағы орта мектебі
    Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің
    2016 жылғы 14 қаңтардағы № 26 бұйрығымен бекітілген
    «Орта білім беру ұйымдары үшін міндетті мектеп формасына қойылатын талаптар»
    2025–2026 оқу жылында да қолданыста болады.
    👔 Мектеп формасына қойылатын негізгі талаптар:
    • Форманың түсі – классикалық, бірыңғай (көбінесе қою көк), үш түстен артық үйлесім болмауы тиіс;
    • Ұлдарға: пиджак, жилет, шалбар, жейде, галстук, қысқы уақытта кардиган/водолазка;
    • Қыздарға: пиджак, жилет, юбка немесе шалбар, жейде, сарафан, қысқы уақытта кардиган/водолазка;
    • Спорттық форма: спорттық костюм (шалбар, жейде/футболка, аяқ киім);
    • Діни конфессияларға қатысты киім элементтеріне рұқсат берілмейді;
    • Жарақаттауы мүмкін сәндік фурнитура мен аксессуарларға тыйым салынады;
    • Мектеп формасына мектептің ерекшелік белгілерін (шеврон, эмблема т.б.) орналастыруға болады.
    ✅ Ата-аналар мектеп формасын кез келген сауда желісінен еркін таңдап сатып ала алады.

    ҚР Оқу-ағарту министрлігі: оқушылардың оқу және демалыс кезеңдері айқындалды

    2025-07-29
    🗓ҚР Оқу-ағарту министрлігі: оқушылардың оқу және демалыс кезеңдері айқындалды

    ✍️ҚР Оқу-ағарту министрлігі орта білім беру ұйымдарында 2025–2026 оқу жылының басталу және аяқталу мерзімдерін, сондай-ақ каникул кезеңдерін нақтылады.

    ✍️Оқу процесі 2025 жылғы 2 қыркүйекте басталып, 2026 жылғы 25 мамырда аяқталады. Білім күніне арналған салтанатты жиынның уақыты мен күні мектептің педагогикалық кеңесінің шешімімен белгіленеді.

    📚Бірінші тоқсанда оқу уақыты 8 апта. Күзгі каникул 2025 жылғы 27 қазанда басталып, 2 қарашаны қоса алғандағы 7 күнге созылады.

    🔔Екінші тоқсан 8 оқу аптасынан тұрады. Қысқы каникул 2025 жылғы 29 желтоқсанда басталып, 2026 жылғы 7 қаңтарды қоса алғандағы 10 күнге жалғасады.

    ✍️Бірінші сынып оқушылары үшін қосымша демалыс 2026 жылғы 9 ақпаннан 15 ақпанды қоса алғандағы 7 күнді құрайды.

    🔔Үшінші тоқсан 10 оқу аптасынан тұрады. Көктемгі каникул 2026 жылғы 19 наурызда басталып, 29 наурызды қоса алғандағы 11 күнге созылады.

    ✍️Төртінші тоқсанның ұзақтығы 8 оқу аптасын құрайды, оқу жылы 2026 жылғы 25 мамырда аяқталады.



    Минпросвещения Казахстана: определены сроки обучения и каникул для школьников

    2025-07-29
    🗓Минпросвещения Казахстана: определены сроки обучения и каникул для школьников

    ✍️Министерством просвещения Республики Казахстан определены даты начала, продолжительности и каникулярных периодов 2025 – 2026 учебного года в организациях среднего образования.

    📚Учебный процесс начинается со 2 сентября и завершится 25 мая. Дата и время проведения торжественной линейки, посвященной Дню знаний, определяются по решению педсовета школы.

    🔔В первой четверти на обучение отводится 8 недель. Осенние каникулы продлятся 7 календарных дней с 27 октября по 2 ноября включительно.

    ✍️Во второй четверти – 8 учебных недель. Зимние каникулы составят 10 календарных дней с 29 декабря 2025 года до 7 января 2026 года включительно.

    ✍️В первых классах дополнительные каникулы составят 7 календарных дней с 9 по 15 февраля 2026 года включительно.

    ⏰Третья четверть будет состоять из 10 учебных недель. Весенние каникулы составят 11 календарных дней с 19 по 29 марта 2026 года включительно.

    🌏Четвертая четверть продлится 8 учебных недель с завершением 25 мая 2026 года.



    1 Мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні

    2025-04-30
    🎈1 Мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні🎈
    🎈Бүгін Антон Семенович Макаренко атындағы орта мектебінде халықтар достығы мен татулықтың символына айналған 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күніне орай "Өзін-өзі басқару" ұйымы және "Адал ұрпақ" еріктілер клуб мүшелері жүрекжарды құттықтау видеосын дайындады! Бұл мереке – түрлі ұлт пен ұлыстың бір шаңырақ астында бейбіт өмір сүріп, өзара сыйластықпен дамып келе жатқан еліміздің бірегейлігінің айғағы.
    Бірлік бар жерде – береке бар!
    Баршаңызды мерекемен шын жүректен құттықтаймыз!
    Бейбіт күндеріміз баянды болсын!
     
     Источник: https://www.facebook.com/share/v/1AovB4Jca3/

    1-Мамыр Қазақстан халқының бірлік күніне орай "Баянды бірлік-мәңгілік" "Ұшқыр ой" дебат клубының жетекшісі Ү.Сутенованың ұйымдастырылуымен өткізілді.

    2025-04-30
    Антон Семенович Макаренко атындағы орта мектебінде біртұтас тәрбие бағдарламасының тәрбие жоспарына сәйкес 1-Мамыр Қазақстан халқының бірлік күніне орай "Баянды бірлік-мәңгілік" "Ұшқыр ой" дебат клубының жетекшісі Ү.Сутенованың ұйымдастырылуымен өткізілді.
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     Источник: https://www.facebook.com/asmakarenkoatyndagyortamektebi/posts/pfbid0JRte2XBGSrUm59kyKrvTq72ta1ZPqF5oMroSJZq2nkJo2u83W5KCesZMAFLX8LHBl

    “Бейбітшілік пен келісім – балалар көзімен” атты тақырыпта бейбіт өмір мен татулықты дәріптейтін ерекше сурет байқауы өтті.

    2025-04-30
    Антон Семенович Макаренко атындағы орта мектебінде “Бейбітшілік пен келісім – балалар көзімен” атты тақырыпта бейбіт өмір мен татулықты дәріптейтін ерекше сурет байқауы өтті. Балалар өздерінің суреттері арқылы бейбітшілік, келісім, достық және ынтымақ туралы түсініктерін көркем бейнеледі. Әр сурет – баланың таза жүрегі мен жарқын арманының көрінісі.
    Байқау балалардың шығармашылық қабілетін дамытып қана қоймай, олардың бейбітшілікке деген сүйіспеншілігін арттырды.
    Балалар салған бейбіт әлем – болашақтың үміті!
     
     
     
     
     
     
     Источник: https://www.facebook.com/share/p/18wM7aRdkk/

    Антон Семенович Макаренко атындағы орта мектебінде бастауыш сыныптар арасында "7 мамыр - Отан қорғаушылар күні" тақырыбында сынып сағаты өткізілді.

    2025-05-05
    Антон Семенович Макаренко атындағы орта мектебінде бастауыш сыныптар арасында "7 мамыр - Отан қорғаушылар күні" тақырыбында сынып сағаты өткізілді. Сынып сағаты барысында оқушыларға 7 мамыр-Отан қорғаушылар күні туралы түсінік беріліп, презентация ұсынылды.
    Мақсаты: оқушылардың бойында Отансүйгіштік, ержүректілік қасиеттерін дарыту, өз еліміздің тәуелсіздігін қадірлей білуге, оны қорғай білуге тәрбиелеу.
    Сынып жетекшілер:
    2"А" сынып Алпысбаева А.А.
    3"А" сынып Адилгереева И.Ж.
    2"Б" сынып Мамедгасанова И.Г.
    3"Б" сынып Бакалкина С.А.
    1"А" сынып Диханбаева И.У.
    1"Б" сынып Бойдакбаева Б.Т.
     
     
     
     
     
     
     
     
     
    Источник: https://www.facebook.com/share/p/18CZsSaxoY/

    5-11сынып оқушыларымен 7-мамыр Отан қорғаушылар мерекесіне орай "Ер есімі - ел есінде " тақырыбында сынып сағаты өткізілді.

    2025-05-05
    Антон Семенович Макаренко атындағы орта мектебінде 5-11сынып оқушыларымен 7-мамыр Отан қорғаушылар мерекесіне орай "Ер есімі - ел есінде " тақырыбында сынып сағаты өткізілді. Сабақ барысында 7- мамыр мерекесінің тарихымен таныстырылып, сонымен қатар бейнеролик көрсетіліп, оқушылар өлең оқып, қойылған сұрақтарға ұтымды жауап берді.
    Мақсаты: өскелең ұрпаққа адамгершілік - патриоттық , азаматтық жауапкершілік сезімдерін ояту, жас ұрпақты Отанын сүюге тәрбиелеу.
    Сынып жетекшілер:
    10 "А" сынып жетекшісі Ускенбаева З.Б.
    7 "Б" сынып жетекшісі Джолымбекова А.С.
     
     
     
     
     
     
     Источник: https://www.facebook.com/asmakarenkoatyndagyortamektebi/posts/pfbid0groTzhadBmiRcUem3c51gLaYR81mjNGxmxjcRdm5UBKu51D1fxkL8GBQSRyx8yjWl

    9"Ә" сынып оқушысы Қырықбайұлы Айбол “Бата Party” рухани тәрбие мен ұлттық дәстүрді ұлықтау кешінде жастар арасындағы шешендік пен даналық сайысқа түскен, өзінің өнерімен көпшілікті тәнті етті.

    2025-05-05
    Антон Семенович Макаренко атындағы орта мектебінің 9"Ә" сынып оқушысы Қырықбайұлы Айбол “Бата Party” рухани тәрбие мен ұлттық дәстүрді ұлықтау кешінде жастар арасындағы шешендік пен даналық сайысқа түскен, өзінің өнерімен көпшілікті тәнті етті.
    Сайыс нәтижесінде Қырықбайұлы Айбол 1- орын иеленді.
    Бұл іс-шара жас буынның ұлттық болмысты бойына сіңіріп, сөз құдіретін ұғынуға жол ашқан тағылымды шара болды.
     
     
     
     
     Источник: https://www.facebook.com/asmakarenkoatyndagyortamektebi/posts/pfbid02KQF25sip46K6w3AkR7zjvc1LZwwa8gELdL8GkUAoZk2yfEqKpaYPGNqQ1g8EzWbrl

    5 мамыры күні АӘДТ пән мұғалім Әлдибай М. ұйымдастыруымен ҰОС 80 жылдығына ҚР Қарулы Күштерінің 33 жылдығына орай мектепішілік сапта жүріп ән айту байқауы өткізілді.

    2025-05-05
    Антон Семенович Макаренко атындағы орта мектебінде 2025 жылдың 5 мамыры күні АӘДТ пән мұғалім Әлдибай М. ұйымдастыруымен ҰОС 80 жылдығына ҚР Қарулы Күштерінің 33 жылдығына орай мектепішілік сапта жүріп ән айту байқауы өткізілді. Байқауға 6-9 сынып оқушылары белсенді түрде қатысты. Байқау жоғары деңгейде ұйымдастырылып, 8"б" сынып оқушылары үздік деп танылды. Қатысушылар ән айту барысында саптық қозғалысты шебер көрсете білді.
    Мақсаты: оқушылардың патриоттық рухын көтеру және саптық дайындық элементтері арқылы тәртіп пен ұйымшылдыққа баулу..
     
     Источник: https://www.facebook.com/asmakarenkoatyndagyortamektebi/posts/pfbid02gCMmn91nyCm27zTiS61djqMfLwq8o6BzXhbtP5ZX654L3MzFLFdUKR75rYgzUQi9l

    Антон Семенович Макаренко атындағы орта мектебінде жеңісті жаңғыртуға күш салған ерлігі дастан аға буынның көрсеткен ерлігін жас ұрпаққа насихаттау

    2025-05-05
    Антон Семенович Макаренко атындағы орта мектебінде жеңісті жаңғыртуға күш салған ерлігі дастан аға буынның көрсеткен ерлігін жас ұрпаққа насихаттау, жас ұрпақтың бойынан ҰОС ардагерлеріне, Отан қорғаушылар бейнесіне, әскери дәстүрлерге және әскери қызметке деген құрметті қалыптастыру, Отан сүйгіштікпен көпұлттылықты, өскелең ұрпақты туған елдің тарихын құрметтеуге тәрбиелеп, өнерлі оқушыларды анықтап, сахна өнеріне баулу мақсатында ағымдағы жылдың 5 мамыр күні мектебімізде 1-4 сынып білім алушылары арасында «Ерлік- елге мұра, ұрпаққа үлгі» атты тақырыпта патриоттық әндер байқауы өтті. Байқауда талапкерлердің әнді орындау шеберлiгiне, әннiң оранжировкасына, сахна мәдениетiн игеруіне, киiм кию үлгісіне назар аударылды.Байқау соңында әнді нақышына келтіріп орындаған оқушыларға мектеп директоры А.Тунгатаров пен директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Мықтыбекова Жамал Жаппаровна дипломмен марапаттады.
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     Источник: https://www.facebook.com/share/v/19K2SvYgsW/

    9 мамыр мерекесіне орай "Ұрпаққа ұлан болған ұлы жеңіс" атты тақырыпта сынып сағаты өткізілді.

    2025-05-06
    Антон Семенович Макаренко атындағы орта мектебінде 9 мамыр мерекесіне орай "Ұрпаққа ұлан болған ұлы жеңіс" атты тақырыпта сынып сағаты өткізілді.
    Мақсаты: Оқушыларды адамгершілікке, Отанын сүюге, оны қорғауға баулу. Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру. Оларға патриоттық тәрбие беру. Оқушыларды Ұлы Отан соғысымен,сол соғыста жеңіске жеткен қазақстандықтардың ерлік істерімен таныстырып, ой - өрісін дамыту.
    Сынып жетекшілер:
    9"ә"сынып жетекшісі Тлеубердиевв К.
    10"а" сынып жетекшісі Ускенбаева З.Б.
    8"ә" сынып жетекшісі Ертаева Ж.
    6"б" сынып жетекшісі Жадрасинова Н.
     
     
     
     
     
     
     
    Источник: https://www.facebook.com/share/v/1ZtQU9Faiv/

    9 мамыр мерекесіне орай "Ерліктіңжарқын беттері" атты тақырыпта сынып сағаты өткізілді.

    2025-05-06
    Антон Семенович Макаренко атындағы орта мектебінде 9 мамыр мерекесіне орай "Ерліктіңжарқын беттері" атты тақырыпта сынып сағаты өткізілді.
    Мақсаты: Оқушыларды адамгершілікке, Отанын сүюге, оны қорғауға баулу. Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру. Оларға патриоттық тәрбие беру. Оқушыларды Ұлы Отан соғысымен,сол соғыста жеңіске жеткен қазақстандықтардың ерлік істерімен таныстырып, ой - өрісін дамыту.
    Сынып жетекшілер:
    3"ә" сынып жетекшісі Нурадинова А.
    3"б" сынып жетекшісі Бакалкина С.
     
     
     
     Источник: https://www.facebook.com/asmakarenkoatyndagyortamektebi/posts/pfbid0jAUWYmNmWd6FK19aGFe2x6W3h4pcTshdi8NDgjcw4stdKNGPqpDjtEqc41pP13v4l

    9 мамыр Ұлы жеңістің 80 жылдығына орай Б. Маткалыкова мен Ж.Жанатаеваның ұйымдастыруымен "Ерлік-елге мұра, ұрпаққа үлгі"атты тақырыпта дөңгелек үстел өткізілді.

    2025-05-06
    Антон Семенович Макаренко атындағы орта мектебінде 9 мамыр Ұлы жеңістің 80 жылдығына орай Б. Маткалыкова мен Ж.Жанатаеваның ұйымдастыруымен "Ерлік-елге мұра, ұрпаққа үлгі"атты тақырыпта дөңгелек үстел өткізілді.
    Мақсаты: Оқушыларды адамгершілікке, Отанын сүйюге, оны қорғауға баулу. Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру. Оқушыларға патриоттық тәрбие беру. Оқушыларды Ұлы Отан соғысымен, қазақстандықтардың ерлік істерімен таныстырып, ой-өрісін дамыту. Оқушыларды үлкен адамдарды сыйлай білуге , оларды қадірлеуге тәрбиелеу.
     
     
     
     
     
     
     
     
     
    Источник: https://www.facebook.com/asmakarenkoatyndagyortamektebi/posts/pfbid02gg6f1ciYmup6cRFaN41W4BepVtV9WqesPnmDn25hwdLvtx37Wr18sEpKnYqFZyqal

    Послание
    Президента

    Рухани жаңғыру

    фотогалерия