1) осы Қағидаларға 15-қосымшаға сәйкес нысан бойынша конкурсқа қатысу туралы өтініш;
2) жеке басын куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);
3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – Бар болса);
4) педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері; ;
5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);
6)"Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы"ҚР Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;
7) Психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
8) Наркологиялық ұйымнан анықтама;
9) ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты (бұдан әрі - ТБЖ) немесе педагог-модератордың, педагог-сарапшының, педагог-зерттеушінің, педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса);
10) –ағылшын тілі педагогтері лауазымына орналасуға
Кандидаттар үшін пән бойынша шекті деңгейі кемінде 90%сертификаттау нәтижелері туралы сертификаты немесе педагог-модератордың немесе педагог-сарапшының, немесе педагог-зерттеушінің немесе педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса) немесе Celta сертификаты(Certificatein English Language Teachingto Adults. Cambridge) passa; Delta (Diplomain English Language Teachingto Adults) Passandabove немесе IELTS (IELTS) – 6,5 балл; немесе TOEFL(TOEFL) (интернетке негізделген тест (IWT)) - 60-65 балл; болу керек.
11) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында арнайы пәндер бойынша педагогтер және
Өндірістік оқыту шеберлері лауазымдарына педагогикалық
Қызметке кіріскен, тиісті мамандық немесе бейін бойынша
Өндірісте кемінде 2 жыл жұмыс өтілі бар педагогтер
Сертификаттаудан өтуден босатылады.
12) Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары
мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату
қағидаларының 16-қосымшына сәйкес нысан бойынша
педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың
толтырылған бағалау парағы.
13) тәжірибе жоқ кандидаттың бейнепрезентациясы кемінде15 минут, ең төменгі ажыратымдылығы – 720 x 480.
|