«Мектепке жол» республикалық акциясы мектеп оқушыларын жалпыға бірдей міндетті біліммен қамтамасыз ету мақсатында 2024 жылдың 1 тамыз - 30 қыркүйек аралығында өткізіледі.
Қазақстан Республикасының әрбір азаматы халықтың әлеуметтік осал топтарынан шыққан балаларды мектепке дайындауда атаулы көмек көрсетуде азаматтық белсенділік таныта алады, әрбір балаға шынайы қамқорлық пен назар аудара алады.
Акцияның мақсаты - аз қамтылған және көп балалы отбасылардан шыққан оқушыларға, жетім балаларға, сондай-ақ ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға оқу жылының басталуына дайындық кезінде материалдық қолдау көрсету және әлеуметтік себептер бойынша балалардың мектепке келмеуінің алдын алу.Науқанға кез-келген адам қатыса алады:барлық азаматтар,еріктілер,бизнесмендер,кәсіпкерлер,меценаттар және т.б. Көмек көрсетуге өз үлесімді қосамын деген азаматтар Антон Семенович Макаренко атындағы орта мектеп әкімшілігіне хабарласуларыңызды сұраймыз.
Байланыс телефондары:
+77755266443
+77758237039
+777059694994
Құрметті Шу қаласының және Шу ауданының тұрғындары! Сіздерді «Мектепке жол» республикалық акциясына белсенді қатысуға шақырамыз.
Ізгі ниетпен мектеп директоры Асхат Асанбекұлы Тунгатаров.