Меню KDT

logo7.png?_=1

КГУ Средняя школа имени Антона Семеновича Макаренько отдела образования Шуского района управления образования Жамбылской области
  • kz
  • ru
  • Статьи

    📚 Антон Семенович Макаренко атындағы орта мектебі 1 қыркүйек – Білім күніне орай өтетін «Алғашқы қоңырау» салтанаты 1 қыркүйек күні өтетінін хабарлайды.
    Салтанатты шараға 1, 9 және 11-сынып оқушылары қатысады.
    Ал, қалған сынып оқушылары үшін жаңа оқу жылы 2 қыркүйектен басталады.
    ✨ Салтанатты жиынға мектеп білім алушыларының ата-аналары мен заңды өкілдері, ата-аналар комитетінің мүшелері, оның ішінде бірінші сыныпқа қабылданған бүлдіршіндердің ата-аналарының алғашқы іс-шараларға қатысуы ерекше маңызды екенін атап өтеміз.
    📖 Биылғы Білім күніне арналған сынып сағатының тақырыбы:
    «Мектебім – мейірім мекені»
    Сонымен қатар, 1 қыркүйек күні білім алушылар, ата-аналар және педагогтер арасында «Мектебім – мейірім мекені» республикалық интернет-челленджі ұйымдастырылады.
    🔹 Челлендж шарттары:
    • 1-сынып оқушылары (немесе ата-ана, сынып жетекшісі): 1–2 минуттық қысқа интервью бейнеролик;
    • 2–4 сынып оқушылары: «Жазғы демалыстың жарқын естеліктері» тақырыбында бейнеролик;
    • 5–8 сынып оқушылары: «Жаз – жаңа тәжірибе уақыты» бейнеролик;
    • 9–11 сынып оқушылары: «Арманым мен мақсатым» тақырыбында бейнеролик.
    #Bilim_quni #Mektebim_meirim_mekeni хэштегтерімен жариялау ұсынылады.

    2025-08-28

    Послание
    Президента

    Рухани жаңғыру

    фотогалерия