Меню KDT

logo7.png?_=1

КГУ Средняя школа имени Антона Семеновича Макаренько отдела образования Шуского района управления образования Жамбылской области
  • kz
  • ru
  • Статьи

    А.С. Макаренко атындағы орта мектебінде 2025 жылдың қыркүйек айында “Отбасы – бақыт мекені” атты Республикалық апталық аясында, сыныптарда тәрбие сағаттары өткізілді.
    Іс-шараның негізгі мақсаты – оқушылардың отбасылық құндылықтарға деген құрметін арттыру, ата-ана мен бала арасындағы сыйластықты дәріптеу, мейірімділік пен жауапкершілік сезімін қалыптастыру болды.
    Тәрбие сағаттары барысында оқушыларға отбасының қоғамдағы рөлі мен маңызы түсіндіріліп, “Менің бақытты отбасым”, “Отбасы – тәрбие негізі”, “Сыйластық пен мейірімділік – отбасының тірегі” тақырыптарында ой бөлісу, пікірталас, көріністер көрсету ұйымдастырылды. Сонымен қатар, оқушылардың отбасына деген сүйіспеншілігін арттыру мақсатында бейнероликтер көрсетіліп, өлеңдер оқылды.
    Іс-шара оқушылардың ой-өрісін кеңейтіп, отбасылық құндылықтарға деген көзқарасын нығайтып, ұжымдық бірлікті арттыруға ықпал етті.
     

    2025-09-15

    Послание
    Президента

    Рухани жаңғыру

    фотогалерия